XIX ҒАСЫРДЫҢ СОҢЫ МЕН XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДА СЕМИРЕЧЕНСКАЯ ОБЛЫСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ЖҮРГІЗГЕН ӘРТҮРЛІ КӘСІП ТҮРЛЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.62724/202430102

Кілт сөздер:

Статистика, көшпелілер, уездер, кәсіптер, табыс.

Аңдатпа

Мақалада XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында семиреченская облысының көшпелі қазақтарының жүргізген әртүрлі кәсіп түрлері зерттеледі. Талдау «Туземное и русского старожильческого хозяйства и землепользования…» (әрі қарай МКЗ) статистикалық кадастрлық тарихи деректеріне негізделген. Автор Джаркент, Лепсі, Верный және Копал уездеріндегі ауыл шаруашылығы, сауда, қолөнер, еркін, үй шаруашылығы және басқа кәсіп түрлерін қарастырады. Уездердегі кәсіппен айналысқан көшпелі халықтың үлесі 3-тен 15%-ға дейін болғаны көрсетілген. Статистикаға сүйене отырып, кәсіптерге қатысқан жасөспірімдер мен әйелдердің санының аздығы, жасөспірімдер саны әйелдерден едәуір көп екені дәлелденеді. Зерттеуде кәсіптен түскен табыстар рубльмен ғана емес, малмен (қой) де көрсетілген. Уездер бойынша әр отбасы мен әр мүшенің кәсіптен түсетін табыстары есептеліп, ауыл шаруашылығы кәсіптерінің (пастухтар, батрактар, қара жұмысшылар, табыншылар, егіншілер, орақшылар, шөп шабушылар, малшылар және т.б.) негізгі табыс көзі екені дәлелденеді, яғни автор облыс тұрғындарының өмір сүруінің мал шаруашылығына бағытталғанын нақты көрсетеді.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2024-09-30

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.