БҚО АУЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІН ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ӨМІРГЕ ҚАТЫСТЫРУДЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ (1933-1940 ЖЖ.)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.62724/202610107

Кілт сөздер:

Ауыл еңбеккерлері, қоғамдық-саяси өмір, Батыс Қазақстан, кеңестік билік, ауылдық кеңестер, саяси үгіт-насихат, сайлау науқандары, кеңестік идеология.

Аңдатпа

Бұл мақалада 1933–1940 жылдары Батыс Қазақстан өңіріндегі ауыл еңбеккерлерін қоғамдық-саяси өмірге тартудың негізгі түрлері мен әдістері кешенді түрде талданады. Зерттеу кеңестік биліктің ұжымдастырудан кейінгі ауылды әлеуметтік-саяси тұрғыда қайта ұйымдастыру саясаты аясында жүргізілді. Ауыл еңбеккерлерінің қоғамдық-саяси белсенділігі партиялық-мемлекеттік құрылымдар арқылы қатаң реттеліп, жоспарлы түрде жүзеге асырылғаны архивтік және нормативтік деректер негізінде көрсетіледі.

Мақалада ауыл еңбеккерлерін қоғамдық-саяси өмірге қатыстырудың негізгі формалары ретінде ауылдық кеңестер қызметі, партия-комсомол ұйымдары, кәсіби-шаруашылық жиналыстар, сайлау науқандары, саяси ағарту жұмыстары қарастырылады. Зерттеуде ауыл еңбеккерлерінің қоғамдық-саяси өмірге қатысуы формальды сипатта болғанымен, ол кеңестік саяси жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды тетігіне айналғаны дәлелденеді. Әсіресе 1936 жылғы КСРО Конституциясынан кейінгі сайлау науқандары мен қоғамдық ұйымдардың қызметі ауыл тұрғындарын билік құрылымдарына тартудың негізгі құралдарының бірі болды. Мақалада саяси қатысудың шынайы деңгейі мен оның әкімшіл-әміршіл жүйе жағдайындағы шектеулері тарихи-талдамалық тұрғыда ашып көрсетіледі.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-31

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

Ұқсас мақалалар

71-80 тен 229

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.