ИНВАЗИЯЛЫҚ АУРУМЕН ЗАҚЫМДАНҒАН БАЛЫҚТЫҢ ТАҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202610403Кілт сөздер:
балықтар, ихтопаразиттер, экологиялық ерекшеліктер, эпизоотологиялық жағдай, балық паразиттері, су айдындары.Аңдатпа
Берілген зерттеу Батыс Қазақстан облысы су айдындарында мекендейтін шаруашылық маңызы бар балық түрлерінің паразитологиялық жағдайын кешенді бағалауға бағытталды. Зерттеу нысаны ретінде Кіші Быковка су қоймасы, Барбастау өзені, Гремячий тоғаны және Круглое көлінен алынған сазан (Cyprinus carpio), шортан (Esox lucius), қызылқанат (Scardinius erythrophthalmus), мөңке (Carassius auratus gibelio) және көксерке (Sander lucioperca) балықтары қарастырылды.
Зерттеу барысында морфологиялық және микроскопиялық әдістер қолданылып, әртүрлі маусымдарда жиналған 250–300 балық үлгісі зерттелді. Алынған нәтижелер су температурасының маусымдық өзгерісі паразиттік инвазия деңгейіне тікелей әсер ететінін көрсетті: жаз мезгілінде инвазия ең жоғары (74,2%), ал қыс кезінде ең төмен (31,6%) болды. Паразиттік топтардың таралу динамикасы Trematoda мен Monogenea жылы кезеңде, ал Cestoda мен Nematoda суық кезеңде басым екенін анықтады. Әртүрлі балық түрлеріндегі инвазия деңгейлері олардың экологиялық орны мен физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты айтарлықтай өзгерді: ең жоғары көрсеткіш сазанда (72,5%), ал ең төменгісі шортанда (58,4%) тіркелді. Зерттеу нәтижелері БҚО су айдындары үшін тұрақсыз эпизоотологиялық жағдайды көрсетіп, паразиттік аурулардың созылмалы сипатта таралу қаупін дәлелдейді. Бұл мәліметтер балық шаруашылығында профилактикалық және ветеринарлық-санитарлық шараларды тұрақты жүргізудің қажеттілігін айқындайды.