КЕНЕСАРЫ ХАН БАСТАҒАН ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ТАРИХНАМАСЫ

Авторлар

  • Курманалин Самат Бакитжанович Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Автор https://orcid.org/0000-0001-7670-9495

DOI:

https://doi.org/10.62724/202420103

Кілт сөздер:

Тарихнама, Кенесары, ғылыми көзқарас, азаттық қозғалысы, отаршылдық, талдау.

Аңдатпа

XVIII-XIX ғасырлардағы Қазақстандағы халық бұқарасының патша өкіметіне қарсы наразылық қозғалысының бай тарихы бар десек те Кенесары Қасымұлы бастаған азаттық күресін зерттеуге саяси қысым жасалғаны белгілі. Өткен ғасырдың 40-жылдарының аяғы 50-жылдарының басындағы республикада қалыптасқан ауыр қоғамдық-саяси жағдайда да осы Кенесары хан тұлғасының ғылыми жариялануынан бастау алған болатын. Осынысымен де мақалаға арқау болып отырған тақырып ғылыми өзектілігімен, зерттеу қажеттілігімен тарихшыларды өзіне тартады.

Еңбекте жалпы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстарының тұтас бір дәуіріне өз шығармашылығын арнаған А.Ф.Рязановтың туындылары зерделенеді. Қарсылық қозғалыстарын зерттеуді алғашқылардың бірі болып бастаған тарихшы-ғалым қолжазбасындағы жекелеген даулы мәселелер ашылған. Қазақ халқының бұл ұлттық қозғалысының зерттелу деңгейіндегі биіктік – белгілі тарихшы, қазақтан шыққан алқашқы тарих ғылымдарының докторы Ермұхан Бекмахановтың «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында» атты монографиясы. Публикацияда бұл іргелі еңбек хақындағы тарихнамалық талдауға басымдық берілген. Ғылыми анализ сол кезеңдегі атышулы «Бекмаханов ісін» өмірге әкелген саяси процестердің алғышарттарының қалыптасуымен байланыстырыла жасалған. Кенесары бастаған көтеріліске ғылыми ден қоюшылық 1990-жылдардан қайтадан жаңарды. Осыған сәйкес тарихшылар Ж.Қасымбаев, Е.Уалиханов зерттеулері қозғалыстың тарихнамасына қосылған сүбелі үлес болды.

Кенесары хан бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының тариханамасы сериялы мақалалар арнауға лайықты. Ал бұл жарияланымды алдағы ғылыми талдауларымыздың беташары ретінде қабылдауға болады.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2024-06-28

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

Ұқсас мақалалар

71-80 тен 193

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.