ДИСКУРСТЫҚ ТӘЖІРИБЕДЕГІ ЭТНОМӘДЕНИ АҚПАРАТТЫҢ МАҢЫЗЫ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202620205Кілт сөздер:
Тілдік тұлға, антропоөзектілік, дискурстық тәжірибе, дискурс, этномәдени ақпаратАңдатпа
Мақалада дискурстық тәжірибедегі этномәдени ақпараттың маңызы талданады. Тілдік тұлғаның тілдік-мәдени, коммуникативтік, дискурстық құзыреттілігін қалыптастыруда дискурстық және әлеуметтік тәжірибе ерекше орын алады, себебі осы тәжірибелер тілдік бірлік мазмұнында орныққан этномәдени ақпараттарды ұрпақтан ұрпаққа жеткізеді. Автор Э.Бенвенист, М.Бахтин, Ван Дейк, Н.Уәли зерттеулеріндегі дискурс, дискурстық тәжірибе, этномәдени ақпарат, тілдік-мәдени мазмұн ұғымдарының анықталуын негізге ала отырып, дискурсты тілдің әлеуметтік ортада өзектелу формасы ретінде түсіндіреді де, әлеуметтік тәжірибе мен этномәдени ақпаратты тасымалдау қызметін зерделейді. Мақалада дискурстық тәжірибеде тасымалданатын этномәдени мазмұнның тілдік-мәдени құзыретті қалыптастырудағы рөлін анықтау мақсаты, дискурстық, әлеуметтік тәжірибе арақатынасын, этномәдени бірліктердің көркем мәтіндегі қызметін талдау міндеттері көзделген. Зерттеу материалына түсіндірме және фразеологиялық сөздіктер, көркем мәтін үзінділері пайдаланылған. Зерттеу әдістері: сипаттау, контекстік, семантикалық, дискурстық талдау. Ғылыми құндылығы дискурстық тәжірибенің тілдік тұлғаны қалыптастырудағы шешуі фактор екенін айқындауымен, практикалық маңызы нәтижелерді дискурсологияда, лингвомәдениеттануда қолдануға жарамдылығымен анықталады.