ОРЫС ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ДИСКУРСТЕРІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-МЕТАФОРАЛАРДЫҢ ПРИЗМАСЫ АРҚЫЛЫ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202540207Кілт сөздер:
Мәдениетаралық коммуникация, интернет-метафоралар, когнитивтік лингвистика, орыс дискурсы, ағылшын дискурсы, цифрлық мәдениет.Аңдатпа
Бұл мақалада интернет-метафоралар мәдениетаралық коммуникацияның орыс және ағылшын тілдік кеңістіктеріндегі ерекшеліктерін көрсететін лингвокогнитивтік феномен ретінде қарастырылады. Зерттеу барысында әртүрлі когнитивтік модельдерді білдіретін интернет-метафоралар анықталып, кеңістіктік, телес, табиғи, әлеуметтік, техникалық және экономикалық метафоралар ретінде жіктелді. Орыс және ағылшын интернет-метафораларды салыстыруға және олардың ортақ әрі ерекше белгілерін талдауға ерекше назар аударылды. Мақаланың мақсаты: Интернет метафораларының когнитивтік және мәдениетаралық ерекшеліктерін анықтау және олардың орыс-ағылшын мәдениетаралық дискурстағы рөлін анықтау.
Салыстырмалы, когнитивтік және контекстуалдық талдау әдістері қолданылып, интернет-реалдылықты қабылдаудағы айырмашылықтар анықталды. Орыс интернет-дискурс эмоционалды экспрессивтілігімен ерекшеленсе, ағылшын дискурсы техникалық терминдерге көбірек бағытталғаны анықталды.
Зерттеу нәтижелері интернет-метафоралардың қалыптасу механизмдерін және олардың мәдениетаралық өзара әрекеттегі рөлін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Алынған мәліметтер когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану, сондай-ақ аударма практикасы мен мәдениетаралық коммуникацияны зерттеуде пайдалы болуы мүмкін. Авторлар интернет-метафораның анықталған ерекшеліктері мәдениетаралық коммуникацияның замануи қиындықтарымен тікелей байланысты деген қорытындыға келеді, әсіресе, тілдік икемділікті ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік-мәдени бейімделуді талап ететін желілік өзара әрекеттесу жағдайында.