АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ СУБСТАНДАРТТЫ ЛЕКСИКАНЫҢ ЭМОЦИЯЛЫҚ-ЭКСПРЕССИВТІ ҚЫЗМЕТТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202610206Кілт сөздер:
субстандартты лексика, эмоционалдылық, экспрессивтілік, сленг, вульгаризмдер, бағалаушы семантика, прагматикалық функция, дискурстық талдау, қазіргі ағылшын тілі.Аңдатпа
Мақала қазіргі ағылшын тіліндегі субстандартты лексиканы (сленг, жаргон, арго, коллоквиализмдер, вульгаризмдер) лингвистикалық әрі әлеуметтік маңызы бар құбылыс ретінде қарастырып, оның эмоционалды және экспрессивті қызметтерін талдауға арналған. Зерттеудің мақсаты ‒ субстандартты лексикалық бірліктердің қазіргі ағылшын коммуникациясында эмоцияны кодтау, күшейту және прагматикалық тұрғыда қалай жүзеге асатынын анықтау. Зерттеудің әдістемелік негізін дискурстық талдау, контекстуалды талдау, семантикалық-прагматикалық талдау, сондай-ақ дескприптивті және классификациялау әдістер құрайды. Эмпирикалық материал ретінде медиа дискурс, цифрлық коммуникация және ауызекі сөйлеу үлгілерінен алынған түпнұсқа мысалдар қолданылады.
Зерттеу нәтижелері субстандартты лексикадағы эмоционалдылық қосалқы емес, құрылымдық сипатқа ие екенін көрсетеді: бірліктер бейтарап атаушы қызметке қарағанда бағалаушы және аффективті маркерлер ретінде қызмет атқарады. Талдау барысында субстандартты лексиканың жағымды, жағымсыз және амбивалентті эмоцияларды семантикалық ығысу, метафоралық әсірелеу, бағалау инверсиясы сияқты тәсілдер арқылы жеткізілетіні анықталды. Аталған механизмдер экспрессивтілікті арттырып, сөйлеушінің таңданысын, наразылығын, ирония, юмор немесе агрессиясын ықшам әрі әсерлі білдіруге мүмкіндік туғызады.
Зерттеудің құндылығы тіл, эмоция және әлеуметтік контекст арасындағы өзара байланысты терең түсіндіруінде және стандартты емес лексикаға қатысты прескриптивті көзқарстарды қайта қарастыруында. Алынған нәтижелерді стилистика, әлеуметтік лингвистика, дискурстық талдау және тілді оқыту тәжірибесінде қолдануға болады. Мақала субстандартты лексиканың қазіргі ағылшын тілінде эмоцияны білдіру және әлеуметтік идентификацияны құрудағы негізгі ресурстардың бірі екенін баса назарға көрсете отырып тұжырымдайды.