СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ХАЛЫҚ АҒАРТУ ІСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ ТАРИХЫ (XIX Ғ. ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫ МЕН ХХ Ғ. БАСЫ)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.62724/202540101

Кілт сөздер:

Солтүстік Қазақстан, халық ағарту ісі, отарлық саясат, білім беру жүйесі, орыс-қазақ мектептері, патшалық әкімшілік.

Аңдатпа

Солтүстік Қазақстандағы халық ағарту ісінің қалыптасуы мен даму тарихы XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында ерекше әлеуметтік-мәдени мәнге ие болды. Бұл кезеңде Ресей империясының отарлық саясатының әсерінен қазақ қоғамының дәстүрлі білім жүйесі мен мәдени өмірінде түбегейлі өзгерістер орын алды. Халық ағарту саласында мектептердің ашылуы, оқулықтардың және оқу құралдарының пайда болуы, сондай-ақ мұғалімдер даярлау жүйесінің құрылуы маңызды рөл атқарды. Сонымен қатар, бұл процесс қазақ қоғамындағы білімге, сауаттылыққа деген қызығушылықтың артуына, жаңа әлеуметтік институттар мен мәдени бірлестіктердің қалыптасуына ықпал етті. XIX ғасырдың екінші жартысында басталған мектеп жүйесінің дамуы XX ғасырдың басында жаппай оқытумен нығайып, қазақ интеллигенциясының қалыптасуына негіз болды. Осы кезеңдегі халық ағарту ісі қазақ қоғамының әлеуметтік дамуы мен ұлттық сананы қалыптастыруда шешуші фактор ретінде бағаланады. Зерттеу барысында архивтік деректер, мерзімді басылымдар және деректі әдебиеттер негізге алынған. Нәтижесінде Солтүстік Қазақстандағы білім беру процесінің ерекшеліктері, мемлекеттік және қоғамдық бастамалардың өзара байланысы, сондай-ақ халық ағарту ісінің қоғамдағы әлеуметтік маңызы анықталды.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-31

Ұқсас мақалалар

31-40 тен 255

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.