БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН БАСҚАРУДА БАСШЫНЫҢ ЖЕКЕ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202530304Кілт сөздер:
Басқару қызметі; құзыреттілік; жеке құзырет; тұлғалық құзыреттілік; басқарушылық құзыреттілік; жеке (дербес) құзыреттілік; білім беру мекеме басшысының жеке құзыреттілігі.Аңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасының жаңа әлеуметтiк-экономикалық және әлеуметтiк-кәсiптiк жағдайларында білім беру мекеме басшысының басқару қызметіндегі жеке құзыреттіліктің қалыптастыру мәселесі талданады. Білім беру мекеме басшысының кәсіби құзыреттілігін білім берудегі инновацияларға бейімділік және өзгермелі педагогикалық ортаға бейімделу қабілеті ретінде қарастырылып, жеке құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесін жасақтау мәселесі негізделеді. Білім беру мекемесін басқарудағы басшының жеке құзыреттілігін дамыту қажеттілігі ғылыми негізделіп, жеке құзыреттілігін дамытудың мәндері, құрылымдары мен тәсілдері, оны құрайтын кәсіби-функционалдық білімі, іскерлігі, дағдысы мен сапасы, жеке құзыреттіліктің көрсеткіштері, сол құзыреттілікті құрайтын жеке-тұлғалық, әлеуметтік-психологиялық, ұйымдастырушылық-басқарушылық және перцептивті - көшбасшылық сапа-қасиеттері сипатталады. Ғылыми-теориялық талдау негізінде жеке құзыреттер, тұлғалық құзыреттілік, басқарушылық құзыреттілік, жеке (дербес) құзыреттілік, білім беру мекеме басшының жеке құзыреттілігі терминдеріне авторлық анықтамалар беріледі. Басшының жеке құзыреттілігін қалыптастыру деңгейінің компоненттері мен критерийлері анықталды. Білім беру мекеме басшыларының жеке құзыреттілік құрылымында 4 сапалар тобы аңықталады: жеке-тұлғалық қасиеттер, ұйымдастырушылық-басқарушылық қасиеттер, әлеуметтік-психологиялық қасиеттер және перцептивтік-көшбасшылық қасиеттер. Білім беру мекемесі басшысының жеке құзыреттілігінің қалыптасу деңгейін зерттеу үшін психодиагностикалық әдістемелердің тізбесі, моделі мен тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында іске асырылған басшылардың жеке құзыреттілігін дамыту бойынша авторлық семинар-тренингінің бағдарламасы ұсынылады.