СӨЙЛЕМДІ МОДЕЛЬДЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

  • Кайыров Асан Бакиевич Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Автор https://orcid.org/0009-0000-0657-6770

DOI:

https://doi.org/10.62724/202420207

Кілт сөздер:

сөйлем, сөйлемнің мағынасы, сөйлем моделі, құрылымдық модель, құрылымдық-мағыналық модель, сөйлемнің құрылымдық бөлшектері, сөйлемнің мағыналық бөлшектері, предикат, субьект, обьект.

Аңдатпа

Мақалада сөйлемді модельдеудің теориялық мәселелері қарастырылған. Соның ішінде, сөйлемнің мағыналық жағының орыс және түркі тіл білімінде зерттелуіне шолу жасалып, сөйлемнің құрылымдық-мағыналық моделі, сөйлемнің мағыналық бөлшектері сипатталады. Нәтижесінде, "жай сөйлемнің кұрылымдық-мағыналық моделі" деген терминнің өзі бірнеше сатыға бөлініп қаралады. Қазақ тілінде сөйлемнің құрылысы мен мағынасын жүйелі зерттеу үшін жай сөйлемнің моделі екі сатыға бөлініп қарастырылды. Алдымен, субьект мен предикаттан тұратын қарапайым, негізгі сөйлем модельдерінің мағыналық ерекшелігі талданды.

Қазақ тіліндегі жай сөйлем модельдері кіші құрылымдық модель мен кеңейтілген құрылымдық модельге бөлініп, олардың өзіндік ерекшелігі баяндалады. Кіші құрылымдық модельге жататын екі құрамды етістікті сөйлемдер хабар беру мазмүнына қарай хабар беру мазмұны толық және хабар беру мазмұны толық емес екі кұрамды сөйлемдерге ажыратылып, олардың құрылымдық-мағыналық ерекшелігі латын әріптерімен формула түрінде белгіленіп, нақты мысалдармен салыстырыла сипатталады. Одан әрі жай сөйлемнің кіші құрылымдық моделінің міндетті бөлшектермен толықтырылуы мен олардың ролі туралы сөз болады. Сонымен қатар сөйлем моделінің предикат, субьект, обьект тәрізді мағыналық бөлшектері, олардың сөйлемнің мағынасын білдірудегі қызметі баяндалады.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2024-06-28

Ұқсас мақалалар

11-20 тен 24

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.