ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ӘМБЕБАП ҚҰЗЫРЕТТЕРІНІҢ ӘЛЕУЕТТІ ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРІНІҢ ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕСТІГІН БАҒАЛАУ ТӘЖІРИБЕСІ

Авторлар

  • Голуб Галина Борисовна Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясының Самара филиалы Автор https://orcid.org/0000-0003-4435-5017
  • Алашеев Сергей Юрьевич Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясының Самара филиалы Автор https://orcid.org/0000-0002-6902-1323

DOI:

https://doi.org/10.62724/202530301

Кілт сөздер:

Жұмыс берушілердің талаптары; әмбебап құзыреттер; әмбебап құзыреттердің қалыптасу деңгейлері; жоғары педагогикалық білім, құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар, студенттердің құзыреттілігін бағалау

Аңдатпа

Мақалада педагогикалық жоғары оқу орындарын бітіруші курстар студенттерінің әмбебап құзыреттерінің әлеуетті жұмыс берушілердің сұраныстарына сәйкестік деңгейін бағалау нәтижелері ұсынылған. Зерттеудің міндеттеріне студенттердің әмбебап іс-әрекет тәсілдерін іске асырудағы типтік қиындықтарын, сондай-ақ олардың әмбебап құзыреттерін көрсету нәтижелілігіне ықпал ететін факторларды анықтау кірді. Бағалау құралы ретінде жұмыс берушілердің (мектеп әкімшіліктері өкілдерінің) мұғалімнің әмбебап құзыреттеріне қойылатын сұраныстары негізінде құрастырылған құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар қолданылды. Жұмыс берушілер үш аймақтан ұсынылды – Самара және Ярослав облыстары, Ханты-Мансий автономды округі – Югра. Әмбебап құзыреттерді бағалауға осы өңірлерде жұмыс істейтін үш педагогика-лық университеттің бітіруші курстарының барлық студенттері қатысты.

Зерттеу нәтижесінде студенттердің әмбебап құзыреттерінің қалыптасу деңгейі жұмыс берушілер талаптарында көрсетілген деңгейден едәуір төмен екені анықталды. Сонымен бірге студенттер әмбебап құзыреттердің әртүрлі қырларын көрсететін іс-әрекеттерді әр деңгейде сәтті орындады. Студенттердің іс-әрекетіндегі анықталған де-фициттерді талдау, сондай-ақ әмбебап құзыреттерді бағалауда іске асырылған тәсіл студенттердің жоғары педагогикалық білім бағдарламаларын меңгеру барысында әмбебап құзыреттерін қалыптастыру мен бағалауда қолданылуы мүмкін.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2025-10-15

Ұқсас мақалалар

11-20 тен 106

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.