МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІМІНДЕГІ ОЛҚЫЛЫҚТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ТҮЗЕТУ ӘДІСТЕРІ

Авторлар

  • Жардемова Асылзада Губайдоллиевна Жаңақала мектеп-гимназиясы Автор

DOI:

https://doi.org/10.62724/202530303

Кілт сөздер:

мониторинг, диагностика, оқу сауаттылығы, Г.А.Русских әдістемесі, білім сапасы, кері байланыс.

Аңдатпа

Мақалада мониторингтік зерттеулердің мектеп оқушыларының білім сапасын арттырудағы  орны, оның оқу процесін жетілдіруге, оқушылардың білім деңгейін көтеруге және мұғалімдердің кәсіби шеберлігін дамытуға ықпал ету жолдары қарастырылады. Зерттеу мақсаты ретінде мониторинг нәтижелерін тиімді пайдалану арқылы білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеру мүмкіндігі алынған.

 Мектеп оқушыларының біліміндегі олқылықтарды анықтау және жоюда Г.А.Русскихтің диагностикалық әдістемесі қолданылып, мониторингтік зерттеулердің оқу процесін жетілдірудегі рөлі, әдістемені енгізу арқылы білім сапасын арттыруға болатыны тәжірибелік эксперимент арқылы дәлелденген. Бұл әдістемені пайдалану барысында білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтау мен талдауға,   оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарының  орындалу деңгейін анықтауға және оқушы біліміндегі олқылықтарды мақсатты түрде түзетуге болатыны негізделген. Зерттеу нәтижелері білім сапасын арттыруға, оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуға және мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жетілдіруге бағытталған. Диагностикалық тапсырмалар негізінде оқушылардың білім жүйесін меңгеру деңгейі анықталып, түзету жұмыстарының бағыттары берілген. Нәтижесінде білім алушылардың оқу жетістіктерін арттыруға мүмкіндік беретін ғылыми-тәжірибелік ұсыныстар берілген.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2025-10-15

Ұқсас мақалалар

11-20 тен 174

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.