ШАРШЫ ТОП АЛДЫНДА СӨЙЛЕНЕР СӨЗДЕ СҰРАУ ЕСІМДІКТЕРІН ТИІМДІ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202530205Кілт сөздер:
сұрау есімдіктері, шаршы топ алдындағы сөз, риторика, прагматика, аудиторияны баурау, когнитивті лингвистика.Аңдатпа
Мақала шаршы топ алдында сөйленетін сөздегі сұрау есімдіктерінің (кім, не, не, қайда, қашан, неге, неге, қалай) атқаратын қызметі мен стратегиялық тұрғыдан қолданылуын қарастыруға арналған.
Автор мақалада шаршы топ алдында сөйленер сөзде сұрау есімдіктерін қолданудың ғылыми-теориялық және практикалық қырларын саралай келе, шешен-спикерге нақты ұсыныстар беруді мақсат тұтқан. Осы орайда әлеуметтік-лингвистикалық көзқарас тұрғысынан мазмұндық талдау, салыстырмалы талдау әдістерін қолдана отырып, прагматиканың, когнитивті лингвистиканың және риториканың теориялық ережелеріне сай сұрақтар арқылы аудиторияны баурау, ақпаратты құрылымдау және зейінді басқару механизмдерін сипаттайды.
Мақалада сұрау құрылымында қолданылатын сұрау есімдіктерінің стратегиялық мақсаты мен атқаратын функциясына сай классификациясы кесте түрінде ұсынылған. Келтірілген жіктеме негізінде сұрақтарды тұжырымдау, интонацияны пайдалану, сұрақтарды сөйлеу мәтінінде тиімді орналастыру және олардың ұтымдылығын бағалау бойынша практикалық ұсыныстар берілген.
Қорытындылай келе, автор зерттеу нәтижесі ретінде шаршы топ алдында сөйленетін сөз құрылымындағы сұрау есімдіктерінің қолданылу ерекшеліктеріне сәйкес шешен үшін сөйлеуге даярлану бағытындағы нұсқаулық ұсынады.