БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ КРЕАТИВТІЛІГІН АРТТЫРУДА ГЕНЕРАТИВТІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ЭТИКАЛЫҚ ҚОЛДАНУҒА ДАЯРЛАУДЫҢ ФОРСАЙТ МОДЕЛІ

Авторлар

  • Мұхтар Зинур Ғафурұлы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті Автор https://orcid.org/0000-0003-4129-3412
  • Беркимбаев Камалбек Мейрбекович Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Автор https://orcid.org/0000-0002-5191-8140
  • Гриншкун Вадим Валерьевич Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университеті Автор https://orcid.org/0000-0002-8204-9179

DOI:

https://doi.org/10.62724/202540306

Кілт сөздер:

Болашақ педагогтер, креативтілік, генеративті жасанды интеллект, этика, жасанды интеллект этикасы, кадрларды даярлау, форсайт, форсайт модель.

Аңдатпа

Жасанды интеллект технологияларының қарқынды дамуы жоғары білім беру жүйесінде педагог кадрларды даярлаудың жаңа мүмкіндіктерін ұсынуда. Оқыту парадигмасы білім алушылардың креативті ойлауын, инновациялық әрекетке бейімділігін және күрделі мәселелерді шешу қабілетін дамытуға бағытталуда. Мақалада болашақ педагогтердің креативтілігін арттыруда генеративті жасанды интеллектіні (ГенЖИ) этикалық қолдануға даярлаудың форсайт моделі ұсынылды. Зерттеудің мақсаты ұсынылған моделді ғылыми негіздеу, оның құрылымдық элементтерін сипаттау болды. Зерттеу әдістері сапалық талдау, әдебиеттерге теориялық шолуды қамтыды. Эмпирикалық әдіс арқылы болашақ педагогтердің эссе жазудағы креативтілік деңгейлері анықталды. Бұл білім алушылардың креативті ойлау деңгейін, талдау қабілетін және жасанды интеллектіні этикалық қолдану жөніндегі түсінігін бағалауға мүмкіндік беріп, болашақ педагогтердің креативтілігін арттыруда генеративті жасанды интеллектіні этикалық қолдануға даярлаудың форсайт моделінің аспектілерін анықтауға негіз болды. Ұсынылған модель педагогтерді даярлаудың мазмұны мен нәтижеге жету үшін игерілуі қажетті компоненттерді қарастырды. Моделде «этикалық тұжырымдар», «этикалық құндылықтар», «этикалық принциптер» және «креативтілік деңгейлері» атты негізгі компоненттердің өзара байланысуы және реттілігін сақтау арқылы педагогтерді даярлаудың нәтижелігін көрсетілді.

Зерттеу нәтижелері педагог кадрларды даярлауда жаңа инновациялық бағыт ретінде қарастырылып, негізгі бағдар ретінде қолданылуы мүмкін. 

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-31

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 42

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.