БАЛАПАН-БРОЙЛЕРЛЕРДІ ӨСІРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕР: ЛИОФИЛИЗДЕЛГЕН ПРОБИОТИКТІҢ РӨЛІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.62724/202620502

Кілт сөздер:

құс шаруашылығы, балапан-бройлерлер, пробиотикалық штамм, тірі салмақ, қорытылу, сою сапасы

Аңдатпа

Зерттеуде «Смена-9» кросс балапан-бройлерлерінің өнімділік көрсеткіштеріне E. faecium RCAM05160 пробиотикалық штаммының әсеріне баға берілді. Эксперимент барысында екі топ құрылды: стандартты рационмен азықтандырылған бақылау тобы және рационына қосымша пробиотикалық штамм қосылған тәжірибелік топ. Екі топ та бірдей жағдайда ұсталды. Құстарды азықтандыру БҚШҒЗИ нормаларына сәйкес теңгерілген құрғақ құрама жеммен жүргізілді. Пробиотикалық препарат тірі салмақтың 1 келісіне 0,125 мл қалпына келтірілген ерітінді мөлшерінде енгізілді. Бақылау кезеңі 35 күнді құрады. Нәтижелер эксперименттің барлық кезеңінде тәжірибелік топтың барлық негізгі көрсеткіштер бойынша бақылау тобынан басым екендігін дәлелдеді. Тәжірибелік топтағы тірі салмақтың орташа тәуліктік өсімі бақылау көрсеткішінен 6,2 г/тәулікке жоғары болды. Сонымен қатар, тәжірибелік топтағы құстардың қоректік заттарды — жасұнық, протеин және азотсыз экстрактивті заттарды (АЭЗ) қорыту деңгейі жоғары екені анықталды. Сою сипаттамалары да тәжірибелік топта жақсы нәтиже көрсетті: мүшеленген ұша салмағының, ұша шығымының, жеуге жарамды бөліктер салмағының және жеуге жарамды бөліктердің жарамсыз бөліктерге қатынасының жоғары мәндері тіркелді.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Автор өмірбаяндары

  • Ежова Оксана Юрьевна, Орынбор мемлекеттік аграрлық университеті

    биология ғылымдарының кандидаты, доцент

  • Мустафин Рамис Зуфарович, Орынбор мемлекеттік аграрлық университеті

    биология ғылымдарының кандидаты, доцент

  • Бакаева Лариса Николаевна, Орынбор мемлекеттік аграрлық университеті

    ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент

  • Герасименко Вадим Владимирович, Самара мемлекеттік аграрлық университеті

    биология ғылымдарының докторы, профессор

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 66

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.