ЕТ БАҒЫТЫНДАҒЫ БҰҚАШЫҚТАРДЫ ӨЗ ӨНІМДІЛІГІ БОЙЫНША СЫНАУ ӘДІСТЕМЕСІНЕ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202530506Кілт сөздер:
өз өнімділігі бойынша сынау, қазақтың ақбас тұқымды бұқашықтары, тірі салмақ, тәуліктік орташа қосымша, ет формалары, класс бағасы, индекс бағасы.Аңдатпа
Қазақтың ақбас тұқымды бұқашықтарының өз өнімділігі бойынша сынау нәтижелері келтірілген. Зерттеу барысында тірілей салмақтың жас бойынша динамикасы, орташа тәуліктік өсімі, өлшемдер мен дене бітімінің индекстері, 1 кг тірілей салмақ қосуға жұмсалған азық шығыны, 12 және 15 айлық жастағы ет формалары, бұқашықтардың асыл тұқымдық құндылығына берілген класс және индекс бағаларының көрсеткіштері, малдың асыл тұқымдық және өнімділік сапаларының ең маңызды белгілерінің кейбір селекциялық-генетикалық параметрлері қарастырылды.
Өз өнімділігі бойынша сынаққа 8 айлық жаста қойылған қазақтың ақбас тұқымды бұқашықтарының орташа тірілей салмағы 229,97 кг құрап, тұқым стандартының талабынан 20 кг-ға артық болды және сиырлардың сүттілігінің жоғары екенін, сондай-ақ бұқашықтарды ажыратқаннан кейінгі азықтандыру жағдайының жақсы екенін көрсетті. 12 айлық жастағы бұқашықтардың тірілей салмағы тұқым стандартына қарағанда 13,9 кг-ға, 15 айлық жаста – 35,6 кг-ға жоғары болды. Тірілей салмақтың ең үлкен вариация коэффициенті 8 айлық жаста (Cv=7,68) байқалды, ал 12 айлық жаста – (Cv=5,66), 15 айлық жаста – (Cv=3,16) болды. Ең жоғары тәуліктік орташа қосымша 12–15 ай аралығында (942,28 г) анықталды, ал ең төменгі көрсеткіш 8–12 ай аралығында (699,43 г) тіркелді. 8 айдан 15 айға дейінгі сынақ кезеңінде тәуліктік орташа қосымша 812,48 г құрады. 12–15 айлық кезеңде өзгергіштік коэффициентінің ең жоғары шамасы – 11,26 анықталып, бұл белгілі бір дәрежеде бұқашықтарды асыл тұқымдық мақсатқа іріктеудің неғұрлым дәл мүмкіндігін береді.
8–12 айлық кезеңде 1 кг тірілей салмақ қосуға азық шығыны орта есеппен 9,72 а.ө., ал 8–15 айлық кезеңде – 9,29 а.ө. құрады. 8–12 айлық кезеңде асыл тұқымдық құндылығы бойынша кешенді «элита» класына 3,4% бұқашықтар, 1-классқа – 34,5% және 2-классқа – 62,1% жатқызылды, ал осы кезеңде селекциялық индекс «100»-ден жоғары болғаны – 17,2%, «100»-ден төмені – 82,8% болды. 8–15 айлық кезеңде кешенді «элита-рекорд» класына жатқызылған бұқашықтар – 7,0%, «элита» класына – 58,6%, 1-классқа – 3,4% құрады, ал кешенді селекциялық индексі «100»-ден жоғары болған бұқашықтар – 10,3%, «100»-ден төмені – 89,7% болды.
Бұқашықтардың асыл тұқымдық құндылығын бағалау нәтижелері кешенді кластар мен селекциялық индекстер көрсеткіштерімен сәйкес келмейтіні анықталды.