ҒҰБАЙДОЛЛА МЕН ӘЛИАСҚАР ӘЛІБЕКОВТЕР - ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ АЗАТТЫҒЫ МЕН ТӘУЕЛСІЗДІГІ ҮШІН КҮРЕСКЕРЛЕР

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.62724/202530101

Кілт сөздер:

Алаш қозғалысы, Алашорда, Батыс алашорда, жалпықазақ съездері, облыстық қазақ съездері.

Аңдатпа

Мақалада алаш қозғалысының, оның ішінде Алашорданың батыс бөлімінің мүшелері, ағайынды Ғұбайдолла және Әлиасқар Әлібековтердің 1917-1919 жылдардағы қоғамдық-саяси қызметі баяндалады. Төңкерістен кейін алаш қозғалысына белсене араласқан ағайындылар жалпықазақтық және облыстық қазақ съездерін ұйымдастыруға қатысып, одан әрі Алашорданың батыс бөлімін ұйымдастыру істеріне белсене араласқандары баяндалады. Жұмыстың мақсаты – ағайынды Әлібековтердің Алаш қозғалысы мен Алашорданың батыс бөлігін ұйымдастырудағы рөлін, кеңестік билік кезеңіндегі қызметін және олардың қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуына қосқан үлесін анықтау. Зерттеу барысында тарихи-салыстырмалы әдіс, дереккөздерге талдау жасау, архивтік құжаттарды қарастыру және алаштанушы ғалымдардың еңбектеріне сүйену тәсілдері қолданылды. Зерттеу нәтижесінде ағайынды Әлібековтердің қоғамдық-саяси қызметінің негізгі кезеңдері, олардың алаш қозғалысына қатысуы, жалпықазақ және облыстық съездерге қосқан үлесі, сондай-ақ кеңестік билік тұсындағы ұлттық мүддені қорғаудағы табандылығы анықталды. Мақаланың ғылыми құндылығы – бұрынғы деректерді жаңаша саралап, тұлғалардың тарихи рөлін кешенді түрде көрсетуінде. Алынған нәтижелерді Қазақстан тарихын оқытуда, ұлттық сана мен патриотизмді қалыптастыруда, сондай-ақ алаш қозғалысының аймақтық ерекшеліктерін зерттеуде қолдануға болады.

 

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2025-10-15

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 142

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.