ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ОРАЛ УЕЗІНІҢ БЕС БОЛЫС КӨШПЕНДІЛЕРІНІҢ КӘСІПТІК ҚЫЗМЕТІНЕ СТАТИСТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ («ҚЫРҒЫЗ ЖЕР ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ МАТЕРИАЛДАР...» НЕГІЗІНДЕ)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.62724/202540102

Кілт сөздер:

Статистика, уездер, қосымша кәсіптер, табыcтар, көшпенділер.

Аңдатпа

Автор бұл мақаласында тарихи кадастрлық-статистикалық дереккөз – «Торғай–Орал қоныс аудару ауданының статистикалық тобы жинап, әзірлеген қырғыз жер пайдалану материалдары» және басқа да бірқатар дереккөздер мен зерттеулерді пайдалана отырып, ХХ ғасырдың басында Орал уезінің бес болысындағы (Шілік, Шыңғырлау, Бөрлі, Қараоба, Жамбейт болыстары) әртүрлі кәсіптерден түскен табыстарды қарастырады. Мақалада келесі кәсіп топтары талданады: ауыл шаруашылық, сауда, қолөнер, үй кәсібі, әртүрлі, әйелдерге тән кәсіптер және т.б. Автор уезд бойынша да, әр болыс бойынша да кәсіппен айналысатын шаруашылықтардың саны мен пайызын көрсетеді. Мақалада кәсіп топтарының ішіндегі және топтар арасындағы табыстар салыстырылады. Қандай кәсіптердің көбірек, қайсысының азырақ табыс әкелгені көрсетіледі. Жекелеген кәсіптер мен кәсіптік топтар үлкен табыс әкелгенімен, қазақтардың басым көпшілігі төмен табыс әкелетін кәсіптермен айналысты. Статистикалық мәліметтерге сүйене отырып, автор кәсіптердің көшпелілер өмірінде маңызды, бірақ соған қарамастан қосымша рөл атқарғанын, ал кейбір жеке кәсіптердің едәуір табыс әкелгенін қорытындылайды.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-31

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 13

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.