ЛОКАРНО КЕЛІСІМІНІҢ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРҒА ӘСЕРІ

Авторлар

  • Журасова Алтынай Шугаевна М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті Автор https://orcid.org/0000-0001-7813-1199
  • Мырзабаева Бакытгул Мырзахметовна М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті Автор https://orcid.org/0009-0006-2776-2197

DOI:

https://doi.org/10.62724/202510103

Аңдатпа

Халықаралық қатынастардағыекі дүниежүзілік соғыс аралығындағы кезең қарама-қайшы оқиғаларға толы өзінің динамизмімен және тұрақсыздығымен ерекшеленді. Бұл кезең төңкерістер уақыты, үлкен экономикалық және саяси сілкіністер, сонымен бірге жаңа мемлекеттердің, жаңа қоғамдық көңіл-күйдің қалыптасу кезеңі болды. Әртүрлі мемлекетаралық қайшылықтар бірін-бірі алмастырып, жаңаларына ұлғайып, бұл халықаралық қатынастарға сөзсіз әсер етті.

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі алғашқы онжылдықта әр түрлі елдердің дипломатиялық ведомстволарының әрекеттері нәтижесіз болды және бұл 30-шы жылдардың басына сәйкес келді. Соның бір көрінісі екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі Англия, Франция және Германия арасындағы дипломатиялық қатынастар мен олардың Локарно конференциясындағы позициялары болып табылады. Аталған мақалада 1925 жылғы Локарно келісімдерінің ролі мен маңызына халықаралық қатынастардың Версаль-Вашингтондық жүйесінің дамуы тұрғысынан жаңаша қарастыруға әрекет жасалады. Локарно келісімдері бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық тәртіптің дамуындағы бетбұрысты сәттердің бірі болғандығы туралы ой қозғалады. Зерттеумақсаты – екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі ағылшын-француз және неміс дипломатиясының дипломатиялық күресінің ерекшеліктерін және нәтижелерін зерттеу; әр елдің дипломатиялық қадамдарын қарастыру; екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы сыртқы саясаттың қалыптасуына әсер еткен ішкі және сыртқы саяси факторларды қарастыру.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-26