БАШҚҰРТСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТАБИҒИ-КЛИМАТТЫҚ АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ БАЛ АРЫСЫ ОТБАСЫЛАРЫНЫҢ (APIS MELLIFERA) НОЗЕМАТОЗЫНА ЭПИЗООТОЛОГИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ

Авторлар

  • Туктаров Варис Рафкатович Башқұрт мемлекеттік аграрлық университеті Автор https://orcid.org/0000-0001-8866-4503
  • Ильясова Зулейха Закуановна Башқұрт мемлекеттік аграрлық университеті Автор https://orcid.org/0000-0002-0515-0791
  • Байтуллин Ревнер Рафитович Башқұрт ара шаруашылығы және апитерапия ғылыми-зерттеу орталығы Автор https://orcid.org/0009-0001-8238-6730
  • Авзалов Рузил Хакимянович Башқұрт мемлекеттік аграрлық университеті Автор https://orcid.org/0000-0001-7292-3240
  • Ақатова Рысбике Ізбасқанқызы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті Автор https://orcid.org/0009-0007-5977-5109

DOI:

https://doi.org/10.62724/202620407

Кілт сөздер:

: ара шаруашылығы, бал аралары, аралардың жұқпалы аурулары, нозематоз.

Аңдатпа

Мақалада 2023–2025 жылдар аралығында Башқұртстан Республикасының әртүрлі табиғи-климаттық аймақтарында жүргізілген бал араларының (Apis mellifera) нозематозына эпизоотологиялық мониторинг нәтижелері ұсынылған. Қоздырғыштың таралуын талдау негізінде аумақтар үш санатқа бөлінді: қолайлы аудандар (ауру тіркелмеген), аурушаңдығы төмен аудандар және аурушаңдығы жоғары аудандар. Зерттеу нәтижелері бойынша 2023 жылы тексерілген 11 ауданның ішінде 2 аудан (Қалтасы және Қараидел аудандары) қолайлы деп танылды; 2024 жылы 9 ауданның ішінде 1 аудан (Салауат ауданы); 2025 жылы 9 ауданның ішінде 7 аудан (Ауырғазы, Бақалы, Дүртөйлі, Іліш, Қармасқалы, Күшнәренке және Шекмағұш аудандары) қолайлы болды. Зақымданудың төмен деңгейі 2023 жылы Бөре (5 %), Бурай (8 %) және Благовещен (8 %) аудандарында; 2024 жылы Учалы (14 %), Қыйғы (20 %) және Мечетлі (27 %) аудандарында; 2025 жылы Уфа ауданында (97,1 % қолайлы) және Шаран ауданында (98,2 % қолайлы) тіркелді. Жоғары аурушаңдық (>10 %) 2023 жылы Яңауыл (27 %), Тәтішлі (20 %), Белорецк (13 %) және Бір (11 %) аудандарында; 2024 жылы Әбзеліл (66 %), Баймақ (60 %), Белоқатай (25 %) және Дуван (30 %) аудандарында анықталды. Алынған деректер Башқұртстан Республикасы аумағында нозематоздың таралуында айтарлықтай географиялық өзгергіштік бар екенін көрсетеді, бұл аталған инвазияның өңірлік ара шаруашылығы үшін өзектілігін растайды. Аурудың алдын алу мақсатында жоғары қауіп тобына жатқызылған аудандарға ерекше назар аудара отырып, барлық ара отбасыларын жыл сайын диагностикалық тексеруден өткізу ұсынылады.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Автор өмірбаяндары

  • Туктаров Варис Рафкатович, Башқұрт мемлекеттік аграрлық университеті

    биология ғылымдарының докторы, профессор, ара шаруашылығы, жеке зоотехника және жануарларды өсіру кафедрасының профессоры

  • Ильясова Зулейха Закуановна, Башқұрт мемлекеттік аграрлық университеті

    биология ғылымдарының кандидаты, доцент,

    жұқпалы аурулар, Зоогигиена және ветсанэкспертиза кафедрасының доценті

  • Байтуллин Ревнер Рафитович, Башқұрт ара шаруашылығы және апитерапия ғылыми-зерттеу орталығы

    Директор

  • Авзалов Рузил Хакимянович, Башқұрт мемлекеттік аграрлық университеті

    биология ғылымдарының докторы, профессор, физиология, биохимия және жануарларды азықтандыру кафедрасының профессоры

  • Ақатова Рысбике Ізбасқанқызы, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

    докторант

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

Ұқсас мақалалар

21-30 тен 125

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.