ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕ БЕЛСЕНДІ ЖӘНЕ ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ ТИІМДІЛІГІ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202620302Кілт сөздер:
Оқыту әдістері, жоғары білім, интерактивті оқыту, білім беру технологиялары, білім беруді цифрландыру, кәсіби құзыреттіліктерАңдатпа
Берілген мақалада ЖОО-да қолданыатын заманауи әдістері қарастырылды және де цифрландыру жағдайындағы олардың тиімділігіне талдау жүргізілді. Зерттеудің өзектілігі білім беру технологияларын жетілдіру және қазіргі қоғам мен еңбек нарығы талаптарына сәйкес келетін мамандар даярлау сапасын арттыру қажеттілігімен негізделеді. Оқытудың үш әдісі – белсенді, белсенді емес, интерактивті әдістерге негізгі назарға алынып, оларға салыстырмалы талдау жасалынды. Бұл әдістердің өзіндік ерекшелігі студенттерді оқу үдерісіне белсенді тарту, оқытушы мен студент арасында сенімді қарым-қатынас орнату, оқу материалын меңгеру мен тәжірибеде қолдану нәтижесінде негізделген.
Зерттеу материалдары ретінде осы тақырып аясындағы отандық және шетелдік ғылыми жарияланымдар, жоғарғы оқу орындарында оқытудың заманауи әдістерін қолдану тәжірибелері және әдістемелік материалдары зерттелді. Сондай-ақ ғылыми әдебиеттерге шолу, сапартау, қолданылған тәжірибелерді салыстырмалы талдау, педагогикалық тәжірибені жалпылау және деректерді графикалық визуализациялау әдістері қолданылды.
Ғылыми әдебиеттер мен педагогикалық тәжірибелерді талдау нәтижелері белсенді және интерактивті оқыту әдістерін қолдану студенттердің танымдық белсенділігін арттыруға, кәсіби құзыреттерін дамытуға және оқу материалын меңгеру сапасын жақсартуға ықпал ететінін көрсетеді.
Сонымен қатар цифрлық технологиялар мен интерактивті оқыту формаларын енгізу білім беру үдерісінің тиімділігін арттырып, практикалық бағыттағы дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік беретіні анықталды. Алынған нәтижелер жоғары білім беру жүйесінде заманауи білім беру технологияларын кеңінен енгізудің тиімділігін дәлелдейді.