АВТОМОБИЛЬ БЕНЗИНДЕРІНІҢ ДЕТОНАЦИЯЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЖОҒАРЫЛАТУ ҮШІН ОКСИГЕНАТТАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ МӘНІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.62724/202510306

Аңдатпа

Бұл мақалада автомобиль бензиндерінің детонациялық тұрақтылығын арттыру мақсатында перспективалы оксигенаттарды анықтау мәселесі олардың салыстырмалы талдауы негізінде қарастырылған. Сонымен қатар присадкалардың тек жоғары функционалды тиімділікке ғана ие емес, сонымен бірге оларды бензиндерге қосу мүмкіндігін анықтайтын негізгі қасиеттерге жəне эксплуатациялау үшін қолдану мүмкіндігін анықтайтын қасиеттері көрсетілді. Мұнай шикізатының шектеулі қорлары жағдайында автомобиль бензиндеріне деген сұраныстың үздіксіз өсуі бензин сапасының кейбір көрсеткіштерін оңтайландыру, оларды өндіру үшін жасанды құрағыштар, мұнайды терең өңдеу өнімдерін және жаңа қосындылар қолдануды қажет етеді. Бензин сапасының негізгі көрсеткіштерінің бірі октан санымен анықталатын детонациялық тұрақтылық. Осыған байланысты детонациялық тұрақтылығы жоғары октанды бензиндер өндірісінде көбіне антидетонациялық қоспалар және қосындылар қолданылады. Бензиндердің сапасын жақсартудың дамыған бағыттарының бірі оларға құрамында оттегі бар қоспаларды қосу (оксигенаттар) болып табылады. Присадкалар мен үстемелерді пайдалану жақсартылған эксплуатациялық жəне экологиялық сипаттамаларға ие отындарды алуға мүмкіндік береді. Сондықтан дəл қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы үшін бензиндердің эксплуатациялық қасиеттерін жоғарылатуға мүмкіндік беретін жоғары октанды қоспалар мен присадкаларды қолдану өзекті мəселе болып табылады.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-26