СӨЙЛЕУДІҢ ТАРИХИ БАСТАУЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ӘРЖАҚТЫЛЫҚ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.62724/202420206

Кілт сөздер:

Сөйлеу, адам, қоғам, салт-дәстүр, тіл білімі

Аңдатпа

Мақала зороастризмдік бағыттың бір ғана ілімге қатысты еместігіне мән береді. Ежелгі зороастризм ілімі кейіннен қоғамдағы барлық ғылымдар еншісіндегі категория бола алатындығы біршама ғылыми еңбектерден көрініс тауып отырды. Әсіресе, философия, мәдениет, тарих, фольклор саласындағы ғалымдар бұл жайтқа басымдық берді. Ал қазақтың тілші ғалымдарының  адамаралық байланысты, адам мен қоғамдағы басқа тіршілік иесінің қарым-қатынасын сипаттайтын тұжырымдары назарға ілінбеді. Мақала осы бағыттағы олқылықты толықтырады.

Мақала авторы адамаралық қатынастағы психолингвистикалық категория – сөйлеуді басты нысан етеді. Сөйлеудің басқа ғылым салаларына қатыстылығы, атап айтқанда физика, физиология, мәдениеттану, ежелгі адам санасындағы қызметі сипатталып, оның ғылыми әржақтылығы анықталады. Осы себепті қазақ салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпында кездесетін бала тәрбиесінен мысалдар келтіреді. Соның ішінде бала тәрбиесіндегі тілдік кемістікке ұрындырмаудың жолына қатысты наным-сенімдерді ғылыми топшылауға түсіріп, өзіндік көзқараспен бекітеді.

Сөйлеу аспектісінің әржақты ғылымилығын таныту жұмыстың басты мақсаты болып саналады. Мақала 1) зороастризм ілімінің ғылымның бастау көзі және барлық ғылымдарға бағыт екендігі; 2) қазақ салт-дәстүрінің бала сөйлеуінде өзіндік орны бар екендігі; 3) сөйлеудің патопсихологиялық нысан ретіндегі белгілеріне мән берілетіндігі; 4) тіл білімі ғалымдары сөйлеу санатына қатысты тұжырымдарды ұсынғандығын міндеттер етіп қояды.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2024-06-28

Ұқсас мақалалар

21-30 тен 84

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.