ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ САПАСЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ШЕШУ ӘДІСТЕРІ, МЫСАЛЫ, ГИДРОФОБИЗАЦИЯ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202610706Кілт сөздер:
кірпіш қалау, гидрофобизация, тұз жиналуы, су сіңіру, фасадтық дефектілер, аязға төзімділік, ылғал қозғалысы, фасадтардың беріктігі.Аңдатпа
Мақалада ылғалдың әсерінен пайдалану барысында туындайтын кірпіш қасбеттердің негізгі ақаулары қарастырылады, соның ішінде қаптама қабатының бұзылуы, тұзды дақтардың пайда болуы, жарықтардың түзілуі және қалау ерітіндісінің беріктігінің төмендеуі. Аталған ақаулардың басты себебі құрылыс нормалары мен технологиялық талаптардың бұзылуы болып табылады, оның ішінде материалдарды дұрыс таңдамау, технологияны сақтамау, гидрооқшаулаудың болмауы және конструкциялардың, оның инженерлік жүйелерінің жеткіліксіз желдетілуі,. Қасбеттерді ылғалдан қорғаудың тиімді әдісі ретінде гидрофобизацияға ерекше назар аударылады, ол су тебетін қабат қалыптастырып, материалдың бу өткізгіштігін сақтай отырып, капиллярлық су сіңірілуін төмендетеді. Әртүрлі гидрофобтаушы құрамдар, олардың артықшылықтары мен шектеулері, сондай-ақ жағу жағдайларының қалау ұзақмерзімділігіне әсері қарастырылған. Толық құрғаған қалау бетін өңдеу және желдеткіш саңылауларды ұйымдастыру қажеттілігі атап өтіледі. Климаттық факторлар мен жұмыс сапасын ескеретін кешенді тәсіл қасбеттердің сенімділігі мен ұзақ қызмет етуін қамтамасыз етеді.