ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫН ПЛАЗМАЛЫҚ ӨҢДЕУ: КЕРАМИКАДА КЛИНКЕРЛІК КӨРСЕТКІШТЕРГЕ ЖЕТУ ӘДІСІ РЕТІНДЕ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.62724/202540704

Кілт сөздер:

плазмалық өңдеу, құрылыс материалдары, қорғаныш-декоративтік жабындар, төмен температуралы плазма, плазмотрон, термиялық оплавление, шынытәрізді қабат, адгезия, әрлеу технологиясы.

Аңдатпа

Жұмыста төмен температуралы плазманы қолдану арқылы құрылыс материалдарының бетінде қорғаныш-декоративтік жабындарды қалыптастырудың заманауи әдістері жинақталып қарастырылған. Плазмалық өңдеу технологияларының даму эволюциясы талданып, алынатын жабындардың сапасы мен қызмет ету мерзіміне әсер ететін негізгі факторлар анықталған. Плазмалық бүрку мен оплавление әдістерін қолдану жабынның негізбен ілінісу беріктігін едәуір арттыруға, бетінің сыртқы көрінісін жақсартуға, су сіңіргіштігін төмендетуге және химиялық төзімділігін арттыруға мүмкіндік беретіні көрсетілген. Плазманың жергілікті жоғары энергиялы әсері нәтижесінде кеуектілігі төмен, құрылымы біртекті және ұсақкристалды тығыз беткі қабаттың қалыптасатыны анықталған. Бұл, өз кезегінде, өңделген материалдардың тозуға және аязға төзімділігін, сондай-ақ агрессивті орта мен ультракүлгін сәулеленуге қарсы тұрақтылығын арттырады. Беткі қабатты алдын ала дайындау және бүркелетін материалдың құрамын дұрыс таңдау жабындардың тұрақты пайдалану сипаттамаларын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратыны атап өтілген. Процестің режимдік параметрлерінің — плазмалық разряд қуатының, плазмотронның орын ауыстыру жылдамдығының, өңделетін бетке дейінгі қашықтықтың және плазма түзуші газ құрамының — беткі қабаттың құрылымы мен физика-химиялық қасиеттерінің қалыптасуына әсері ерекше қарастырылған. Осы параметрлерді оңтайландыру жабынның қалыңдығын, бетінің кедір-бұдырлығын және қалдық кернеулер деңгейін мақсатты түрде реттеуге мүмкіндік беретіні көрсетілген.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Автор өмірбаяндары

  • Ольга Александровна, Томск мемлекеттік сәулет-құрылыс университеті

    "Копылов кірпіш зауыты" ЖШҚ басқарушысы, жеке кәсіпкер, қолданбалы механика және материалтану кафедрасының аспиранты

  • Марк Андреевич, Томск мемлекеттік сәулет-құрылыс университеті

    техника ғылымдарының кандидаты, Қолданбалы механика және материалтану кафедрасының доценті

  • Нелли Карповна, Томск мемлекеттік сәулет-құрылыс университеті

    техника ғылымдарының докторы, профессор, Қолданбалы механика және материалтану кафедрасының профессоры

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-31

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 73

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.