БҰҚАШЫҚТАР ГЕНОТИПІНІҢ ДЕНЕ ӨЛШЕМДЕРІНІҢ ӨСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ ӘСЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.62724/202610504

Кілт сөздер:

етті мал шаруашылығы, қырдың қызыл тұқымы, будандар, лимузиндер, герефордтар, бұқашықтар, дене өлшемдері

Аңдатпа

Жұмыстың мақсаты қырдың қызыл тұқымы бұқашықтары мен лимузин және герефорд тұқымының бірінші ұрпақ будандарының дене өлшемдерінің өсу ерекшеліктерін бағалау, сондай-ақ таза қанды қырдың қызыл тұқымы (I топ), F1 будандары мен лимузиннің (½ лимузин х ½ қырдың қызыл тұқымы — II топ) және герефордтардың (½ герефорд х ½ қырдың қызыл тұқымы — III топ) экстерьерлік ерекшеліктерін зерттеу болды. Зерттеу барысында өсіру кезеңіндегі бұқашықтардың желілік өсуіне салыстырмалы талдау жүргізілді. Өсіру кезеңінің соңында II және III топтағы будан бұқашықтар I топтағы таза қанды қатарластарынан кеуде тереңдігі бойынша тиісінше 2,7 см-ге (4,33%) және 3,0 см-ге (4,82%), кеуде енділігі бойынша – 3,0 см-ге (7,35%) және 4,3 см-ге (10,54%), сербек аралық енділігі бойынша — 3,1 см-ге (6,94%) және 3,6 см-ге (8,05%), жамбас-ортан жілік түйісу енділігі бойынша – 3,2 см-ге (7,14%) және 3,9 см-ге (8,70%), жауырын артындағы кеуде орамы бойынша – 9,9 см-ге (5,22%) және 13,3 см-ге (7,02%), бөксенің жартылай орамы бойынша – 7,8 см-ге (6,87%) және 9,5 см-ге (8,37%) артық болғаны анықталды. Бұл ретте дене өлшемдерінің барлық көрсеткіштері бойынша III топтағы будандар көш бастады.

Алынған нәтижелер лимузин және герефорд тұқымдарымен генетикалық комбинациясы будан бұқашықтардың физикалық дамуына айтарлықтай әсер ететінін растайды, бұл етті мал шаруашылығындағы өнімділік сапасын арттыру үшін маңызды. Салыстырмалы талдау бұл будандарды табынның экстерьерлік және өнімділік сипаттамаларын жақсарту үшін пайдалану мүмкіндігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Автор өмірбаяны

  • Косилов Владимир Иванович, Орынбор мемлекеттік аграрлық университеті

    ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-31

Ұқсас мақалалар

41-50 тен 93

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.