АҚБӨКЕН БАС СҮЙЕКТЕРІНІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202540407Кілт сөздер:
бас сүйек морфологиясы, тұмсық, анатомия, қаңқа, сүйектердің топографиялық ерекшеліктері, мүйіздер.Аңдатпа
Мақалада Орал популяциясындағы ақбөкендердің бас сүйегінің құрылымдары қарастырылған. Халықаралық табиғатты қорғау одағы ақбөкендерді 1996 жылы Қызыл кітапқа енгізді, ал 2002 жылдан бастап олар қауіпті жағдайдағы жануарлардың қатарында болды. Ақбөкендерді сақтау үшін Қазақстан Үкіметі мынадай алдын алу шараларын қабылдады: браконьерлермен күресті күшейтті, ақбөкен мүйіздерінің заңсыз саудасына қарсы заңнама қатаңырақ болды, жаңа ерекше қорғалатын табиғи аумақтар кеңейтілді және құрылды.
Кешенді шаралар аркасында ақбөкендер саны 21 мыңнан (2003 жыл) 3,2 млн. басқа көбейді (2025 жыл). Халықаралық табиғатты қорғау одағы қызыл тізімдегі ақбөкендерді табиғатта "жойылып кету қаупі төнген" санаттан "қауіп төнгенге жақын күйде"санатына көтерді. Қазіргі уақытта әлемдегі ақбөкендердің 99,0 пайызы Қазақстан аумағында тұрады.
Ақбөкендер егінде жайылады, жайылымдық және шабындық жерлерді таптайды, үй жануарларының су қоймаларына кіруін шектейді. Сондықтан жануарлардын санын азайту үшін оларды ұстау болмаса атту шаралары жүріп жатыр. Ет өңдеу кәсіпорындарында өңделгеннен кейін ауланған ақбөкендердің өлекселері тікелей халыққа сатылады, ал өнімнің бір бөлігі базарларға түседі. Бұрмалау фактілердін алдын алу үшін ақбөкендердің бас сүйегінің анатомиясының ерекшеліктерін білу сот және ветеринариялық-санитариялық сараптамада өте маңызды. Ақбөкендердің топографиялық анатомиясын білу ауылдық округтердің ветеринар дәрігері үшін де өте маңызды. Бұл жұмыстың мақсаты-бас сүйегінің құрылымына морфологиялық талдау. Бұл зерттеулер өзекті болып табылады, өйткені олар жануарлардың түрлерін анықтау үшін қажет.