ЖҰБАН МОЛДАҒАЛИЕВ ПОЭМАЛАРЫНЫҢ СӨЗ ҚОЛДАНЫСЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК-ТІЛДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторлар

  • Бейсенова Гулшара Абдибековна Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Автор https://orcid.org/0000-0002-4873-4674

DOI:

https://doi.org/10.62724/202610202

Кілт сөздер:

Поэзия, поэма, көркемдік тіл, бейнелілік, теңеу, метафора, лирикалық «мен», ұлттық рух, тарихи шындық, тіл шеберлігі, образдылық, философиялық ой, үндестік заңы, сөз жасам, интонациялық леп.

Аңдатпа

Бұл мақалада Жұбан Молдағалиев шығармаларының көркемдік-тілдік ерекшеліктері жан-жақты талданады. Ақын поэзиясының басты құндылығы - тіл шеберлігі мен ой тереңдігінің бірлігінде екені ғылыми тұрғыда сөз етіледі. Академик З. Қабдоловтың «Сөз өнері», З. Ахметовтың «Өлең сөздің теориясы» еңбектеріндегі көркем шығарма тіліне қойылатын талаптар басшылыққа алынып, Жұбанның поэмаларындағы сөз қолданысы, термин сөздер мен интонациялық асқақ леп пен дыбыстық үйлесімділіктің ақын шығармаларында орынды қолданыла білуі, сөзжасам, бейнелі тіркестер, метафора, теңеу, эпитет, аллитерация сияқты көркемдік тәсілдердің қызметі сараланады.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей,  ақынның көнерген сөздерді жаңғырта қолдануы, мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді шебер кіріктіруі, ұлттық дүниетанымға негізделген тың теңеулер жасауы нақты мысалдармен дәлелденеді. Әсіресе «Мен - қазақпын», «Нұрлы жол», «Жыр туралы жыр», «Жесір тағдыры», «Айттым сәлем», «Сел», «Туған жер» поэмаларындағы сөз қолдану ерекшеліктері, лирикалық «мен» концепциясы, тарихи шындық пен ұлттық рухтың көркем бейнеленуі талданады.

Мақаланың негізгі мақсаты - Жұбан поэзиясының өзектілігін, тіл тазалығын, образдылық жүйесін жасаудағы сөзжасам жолдарын және философиялық пайым тереңдігі мен ұлттық болмысты көркем игеруінде екендігін айқындау. Сондай-ақ, Ж. Молдағалиев шығармаларының көркемдік-тілдік ерекшеліктерін зерделей отырып, ақын туындыларының поэтикасы жоғары деңгейде екендігіне көз жеткізіп және де көркемдеудің соны үлгілерінің сөздік қолданыста шебер қолданылғандығына көз жеткізу болып табылады. Жұмысты жазу барысында сипаттама, талдау, тарихи-салыстырмалы әдістер қолданылды.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-31

Ұқсас мақалалар

41-50 тен 277

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.