КӨПТІЛДІ ОРТАДАҒЫ МОНОТІЛДІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНЫҢ ЛИНГВИСТИКАСЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.62724/202610205

Кілт сөздер:

Этнолексика, ұлттық-мәдени атаулар, монотiлдi бала, көптілді орта, лингвомәдени код, тілдік тұлға

Аңдатпа

Көптілді қалалық ортада өсіп келе жатқан қазақтілді балалардың ана тіліндегі ұлттық-мәдени атауларды меңгеруі – олардың тілдік дамуы мен мәдени бірегейлігін сақтауы үшін маңызды шарт. Мақаланың мақсаты – көптілді қала жағдайында тәрбиеленіп отырған монотілді қазақ балаларының тілдік дамуына ықпал ететін ұлттық-мәдени атаулардың (этнолексиканың) семантикалық табиғатын, танымдық және тәрбиелік қызметін анықтау. Сонымен қатар этнолексиканың бала танымы мен санасында толық қалыптасуы үшін оны сабақ барысында тиімді меңгертудің әдіс-тәсілдері ұсынылады. Мақала мазмұны көптілді қоғам жағдайында ұлттық құндылықтарды тіл арқылы сіңірудің маңызын айқындайды.

Зерттеу барысында семантикалық, ассоциативтік және прагматикалық талдау әдістері қолданылды. Талдау нысаны ретінде ақ үй, қара қазан, ерулік, тоқымқағар, бәсіре, байғазы, итқұйрық этнолексемалары алынды. Семантикалық талдау бұл атаулардың көпқабатты ұлттық-мәдени мазмұнға ие екенін көрсетті. Ассоциативтік талдау барысында балалардың санасында аталған сөздермен байланысты байырғы ұғымдар мен оң мәдени бейнелер қалыптасатыны анықталды. Прагматикалық талдау осы этнолексемалардың тілдік қарым-қатынаста тәрбиелік міндет атқаратынын, яғни ұлттық құндылықтар мен мәдени кодты күнделікті өмір тәжірибесі арқылы бала санасына сіңіруге мүмкіндік беретінін көрсетті. Алынған нәтижелер қазақ тілін оқыту, этнопедагогика және лингвомәдениеттану салаларында қолдануға мүмкіндік береді. Зерттеудің ғылыми құндылығы – этнолексиканың көптілді ортадағы балалардың ұлттық-мәдени танымын қалыптастырудағы рөлін онтолингвистика, этнолингвистика және психолингвистика тұрғысынан кешенді қарастыруында. Этнолексиканы оқу үдерісінде тиімді меңгертудің әдіс-тәсілдері ұсынылды. Мақала онтолингвистика, этнолингвистика, лингвомәдениеттану, этнопедагогика және психолингвистика салалары бойынша теориялық әрі әдістемелік тұрғыдан маңызды үлес қосады. Зерттеу нәтижелері этнолексиканың көптілділік жағдайында ұлттық-мәдени иммунитет қалыптастыратынын дәлелдейді. Бұл қорытынды көптілді қоғамда өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарды сіңіру үшін білім беру үдерісінде этнолексиканы жүйелі қолданудың маңыздылығын айғақтайды.

Көптілді қалалық ортада өсіп келе жатқан қазақтілді балалардың ана тіліндегі ұлттық-мәдени атауларды меңгеруі олардың тілдік дамуы мен мәдени бірегейлігін сақтауда маңызды орын алады. 

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-31

Ұқсас мақалалар

71-80 тен 137

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.