ҚАЗАҚТАРДЫҢ ДӘСТҮРЛІ ТҰРМЫСЫНДАҒЫ ЫДЫС-АЯҚҚА БАЙЛАНЫСТЫ ӘДЕТТЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.62724/202510101

Кілт сөздер:

Әдет-ғұрыптар, ыдыс-аяқтар, қымыз, саба, шай, қолөнер, тері илеу, үй, күміс, фарфор өнімі.

Аңдатпа

Мақалада қазақ халқының тамақтану жүйесіндегі ыдыс-аяққа қатысты қолданылатын тыйымдар мен әдеттер талданады. Бұл дәстүрлі қазақ қоғамының негізгі құндылықтар жүйесі ретінде қаралып, әр ыдыстың қолдану тәртібі мен халық арасындағы сақталған салт-дәстүрлер ұсынылып отыр. Мақаланың мақсаты халықтың күнделікті тіршілік жүйесіндегі ыдыс-аяққа қатысты ұстанған әдеттер мен тыйымдарды, дәстүрлерді талдау. Автор бұл үшін арнайы этнографиялық әдебиеттер мен деректерді пайдаланып, информаторлардан алған мәліметтерін пайдаланған. Осы деректер мен әдебиеттерді тарихи салыстырмалы әдістер, этнографиялық бақылау, дискурстивті салыстыру сияқты арнайы әдістерді қолданған. Нәтижесінде қазақ халқының әдеттерінің басым көпшілігі тұрмыс жағдайында отбасылық дәстүрлерге, соның ішінде тамақтану жүйесіне, ыдыс-аяқтың төңірегінде қалыптасқаны анықталып отыр. Бұл этнографиялық еңбектердің кейбір көрінбеген тұстарын қайта зерделеуді қажет ететінін көрсетеді. Сонымен қатар, халық ауыз әдебиетіндегі жиі қолданылатын ауыз-екі күнделікті тарихи әңгімелердегі мақалдар мен нақылдарды да зерттеу мақаласында қолданылды.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Автор өмірбаяны

  • Уракова Ләззат Янч, Анкара университеті

    Автор Амирова Меруерт Оразбайқызы

    қосалқы автор Уракова Ләззат Янч

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-26

Ұқсас мақалалар

61-70 тен 101

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.