ОРАЛ ПОПУЛЯЦИЯСЫНЫҢ АҚБӨКЕНДЕРІНІҢ АНАТОМИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202530407Кілт сөздер:
анатомия, қаңқа, сүйектердің топографиялық ерекшеліктері, бас сүйек, омыртқа, қабырға.Аңдатпа
Бұл мақалада ақбөкендердің сүйек құрылымының ерекшеліктері қарастырылып, зерттелетін жануарлардың морфологиялық айырмашылықтары анықталды, морфометриялық зерттеу әдістері жүргізілді. Ақбөкендер денесінің сүйек негізі - қаңқасының морфологиясының ерекшеліктерін білу ақбөкендердін өнімдерін ветеринариялық – санитариялық және сот сараптама жұргізгенде және ветеринариялық мамандық студенттері үшін өте маңызды. Ақбөкендердің топографиялық анатомиясын білу тәжірибеші дәрігер үшін де өте маңызды, ол диагнозды сәтті қою және кейіннен емдеу үшін қажет, өйткені соңғы жылдары Батыс Қазақстан облысының аумағында Орал популяциясының ақбөкендерін сақтау үшін мемлекеттік табиғи резерваттар құрылуда.
Қолда бар ғылыми әдебиеттерде біз ақбөкендер қаңқасының, оның ішінде Орал популяциясының анатомиялық ерекшеліктері туралы ақпарат таппадық. Бұл зерттеулердің өзектілігі - бұл жануарлардың түрлерін анықтау үшін қажет. Мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды: Орал популяциясындағы ақбөкендер денесінің морфологиялық құрылымын және ақбөкен қаңқасының морфометриялық көрсеткіштерін зерттеу. Зерттеудің маңыздылығы: ақбөкен қаңқасының сүйектерінің анатомиялық және морфометриялық параметрлерін көрсететін мәліметтер алғаш рет ұсынылғандығында.