ДИАТОМИТТІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ҚҰРЫЛЫС КІРПІШІН ӨНДІРУ МҮМКІНДІГІН ЗЕРТТЕУ

Авторлар

  • Нариков Қанат Амангелдыұлы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Автор https://orcid.org/0000-0001-6459-140X
  • Шәкешев Бекболат Темержанұлы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Автор https://orcid.org/0000-0001-7470-9221
  • Азамат Тюлепқалиұлы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Автор https://orcid.org/0009-0008-1715-9102
  • Бексұлтан Лепесұлы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Автор https://orcid.org/0000-0002-3586-7128
  • Қамар Мұратқызы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті Автор https://orcid.org/0000-0001-7633-4064

DOI:

https://doi.org/10.62724/202530706

Кілт сөздер:

Диатомит, кірпіш, технология, иілмелі қалыптау, жартылай кептіріп қалыптау, жоғары температурада күйдіру, физико-механикалық қасиет.

Аңдатпа

Мақалада кремнийлі жыныстарға жататын табиғи қазба – диатомитті зерттеу, талдау және құрылыс материалдары өнеркәсібінде қолдану әдістері мен тәсілдері қарастырылған. Ақтөбе облысындағы диатомитке жүргізілген ғылыми зерттеудің міндеті – диатомитті қазіргі таңдағы азаматтық және өнеркәсіптік құрылыс салаларындағы құрылыс ұйымдарында қолдану мүмкіндігін талдау, сонымен қатар диатомиттен жылу оқшаулағыш кірпіш өндіру технологиясын әзірлеу. Ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты – Қазақстан Республикасы үшін заманауи азаматтық және өнеркәсіптік құрылыс саласында пайдалану мақсатында Батыс Қазақстан өңірінің диатомиті негізінде құрылысқа арналған энергия үнемдейтін материалдар өндіру технологиясын әзірлеу. Мақалада диатомиттің шығу тегі баяндалады. Диатомиттің физика-механикалық қасиеттері құрылыс материалдары бойынша университет зертханасының құрал-жабдықтарын пайдалана отырып, зертханалық зерттеулер арқылы зерттелді. Диатомит жеке материал ретінде де, құрылыс материалдарын өндіру үшін толтырғыш ретінде қолданылатын термолитті дайындауға арналған шикізат ретінде де зерттелді. Термолит зертханалық жағдайда опоканы 1150°С температурада жоғары температуралы күйдіру арқылы дайындалды. Жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижесінде диатомиттің, термолиттің және диатомиттен жасалған жылу оқшаулағыш кірпіштің негізгі физика-механикалық қасиеттері анықталды.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Автор өмірбаяндары

  • Нариков Қанат Амангелдыұлы, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

    "сәулет және құрылыс" кафедрасы, оқытушы 

    Техника ғылымдарының кандидаты
    Қауымдастырылған профессор

  • Шәкешев Бекболат Темержанұлы, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

    Техника ғылымдарының кандидаты
    Профессор

  • Азамат Тюлепқалиұлы, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

    "Сәулет және құрылыс" кафедрасы, техника ғылымдарының магистрі

    Аға оқытушы

  • Бексұлтан Лепесұлы, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

    "сәулет және құрылыс" кафедрасы, оқытушы

  • Қамар Мұратқызы, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

    PhD докторанты Аға оқытушы

Жүктеулер

Жарияланды

2025-10-15

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 58

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.