ПАТША ҮКІМЕТІНІҢ ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ ДІНИ-САЯСИ ТАРИХЫ: МИССИОНЕРЛІК МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.62724/202530106

Кілт сөздер:

Миссионерлік, қазақ даласы, отарлық саясат, православие, діни насихат, рухани ықпал, шіркеу мекемелері, христиан миссиясы, діни білім беру, мәдени ассимиляция.

Аңдатпа

Бұл мақалада ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ даласында құрылған миссионерлік мекемелердің қызметі мен құрылымдық ерекшеліктері жан-жақты талданады. Ресей империясының отарлық саясаты аясында қазақ даласында ұйымдастырылған діни мекемелердің басты мақсаты – христиан дінін тарату арқылы жергілікті халықты рухани тұрғыдан ықпалға түсіру, сол арқылы отарлық басқару жүйесін нығайту болды. Мақалада бұл мекемелердің құрылу алғышарттары, ұйымдастырушылық құрылымы, қаржыландыру көзі, миссионер кадрларын даярлау үдерісі және олардың нақты қызмет бағыттары сараланады.

Зерттеу барысында патша үкіметінің ресми жарлықтары, миссионерлік қоғамдардың есептері, мұрағаттық деректер мен сол дәуірдегі мерзімді баспасөз материалдары пайдаланылды. Сонымен қатар, орыс православ шіркеуінің миссионерлік саясаттағы рөлі мен оған бағынышты жергілікті шіркеу органдарының (приход, шіркеу мектебі, діни миссиялар) іс-әрекеттеріне де арнайы назар аударылды. Мақала миссионерлік мекемелердің қазақ халқы арасында жүргізген ағартушылық, діни насихат, әлеуметтік және тәрбиелік жұмыстарын сипаттай отырып, олардың идеологиялық қызметін де ашып көрсетеді.

Зерттеу нәтижесінде бұл мекемелердің тек діни емес, саяси-әлеуметтік ықпал құралдары болғаны айқындалды. Олар қазақ халқының дәстүрлі діни сеніміне, тілі мен мәдениетіне ықпал ету арқылы отарлық идеологияны таратуда маңызды рөл атқарды. Алайда, жергілікті халықтың діни сеніміне берік болуы бұл мекемелердің толық мақсатқа жетуіне кедергі келтірді. Мақала миссионерлік мекемелердің құрылымы мен қызметін тарихи тұрғыдан бағалай отырып, отарлық кезеңдегі діни саясаттың күрделі табиғатын ашуға ұмтылады.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2025-10-15

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 119

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.