ҚАДЫР МЫРЗА ӘЛІНІҢ ЖЕКЕ КІТАПХАНАСЫ ӨЛКЕ ӨМІРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДЕБИ ҚҰБЫЛЫСЫ РЕТІНДЕ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202440202Кілт сөздер:
Кітапхана, кітап, әдебиет, жеке кітапхана, кітап жинағы, Қадыр Мырза ӘліАңдатпа
Мақала Қадыр Мырза Әлидің жеке кітапханасының әдебиетін зерттеуге арналған. Қазіргі кезеңде атақты тұлғалардың жеке кітапханаларынан иелік жазуларды, экслибристерді, қолтаңбаларды, сирек кітаптарды зерттеу Батыс Қазақстан облысының кітапханаларында жұмыстың маңызды бағытына айналды. Зерттеудің өзектілігі Қадыр Мырза Әлидің кітап жинақтарының жоғары тарихи-мәдени маңыздылығымен айқындалады. Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әлидің кітап жинағы-қазіргі кезеңдегі әдебиетің және кітап мәдениетін зерттеудің маңызды бағыттарының бірі, ақын шығармашылығының қайнар көздерін зерттеудің негізгі сюжеті. Жеке кітапханадағы кітаптардың тақырыптық әртүрлілігі талданды, Қадыр коллекциясының пайда болу тарихы, тағдыры анықталды. Жеке кітапханадан алынған кітаптарды талдау Қадыр Мырза Әлидің оқырман қызығушылықтарының алуан түрлілігін көрсетті. Оның кітапханасында ХХ ғасырдың сирек кездесетін даналары сақталған. Әдебиетті тақырыптық талдау әдісі ақынның кітаптарындағы авторлық маргиналдарды, олардың ақынның әдеби шығармашылығының сипаттамалары үшін маңыздылығын анықтауға және талдауға мүмкіндік берді. Қадыр Мырза Әлидің жеке кітапханасының қорын жинау, жинақтау және сақтау тәжірибесін зерделеу филология ғылымға, зерттеу библиографиялық жұмысына және қазіргі оқырмандардың оқырман мәдениетін тәрбиелеуде айтарлықтай тәжірибе береді.