АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ҚАРАСАН ІНДЕТІНІҢ ТАРАЛУЫНЫҢ ЭПИЗООТОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ЭПИЗООТИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ БАҒАЛАУ (2021–2025 ЖЖ.)

Авторлар

  • Мурзaбaев Кенжебек Есмагамбетович Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті Автор https://orcid.org/0000-0002-8827-6444
  • Даутбаева Элеонора Есентаевна Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті Автор https://orcid.org/0009-0009-5892-9633
  • Ильясова Зулейха Закуановна Башкұрт мемлекеттік аграрлық университеті Автор https://orcid.org/0000-0002-0515-0791
  • Галиуллин Альберт Камилович Қазан мемлекеттік аграрлық университеті Автор https://orcid.org/0000-0003-2868-0629
  • Адилов Альжан Давлетович Батыс Қазақстан ғылыми-зерттеу станциясы Автор https://orcid.org/0000-0003-0640-4316

DOI:

https://doi.org/10.62724/202620406

Кілт сөздер:

Қарасан, Clostridium chauvoei, эпизоотиялық жағдай, эпизоотологиялық талдау, мүйізді ірі қара, Атырау облысы, эпизоотиялық ошақ, вакцинация

Аңдатпа

Атырау облысында 2021–2025 жылдар аралығындағы қарасан індеті бойынша эпизоотиялық жағдайға талдау жүргізілді. Зерттеу барысында облыстық ветеринариялық қызметтің ресми есептік мәліметтері негізінде қарасанның таралу ерекшеліктері, кеңістіктік және уақыттық заңдылықтары бағаланды. Аталған кезеңде облыс аумағында жануарлардың аса қауіпті және жұқпалы аурулары бойынша барлығы 42 эпизоотиялық ошақ тіркелсе, оның ішінде қарасан ауруына 3 ошақ (7,1%) тиесілі болды. Барлық тіркелген жағдайлар мүйізді ірі қара арасында анықталды және аурудан зақымданған жануарлардың барлығы өліммен аяқталды.

Қарасанның таралуын талдау нәтижесінде аурудың облыс аумағында біркелкі таралмайтындығы анықталды. Бес жыл ішінде тіркелген барлық ошақтар Қызылқоға ауданында орналасқан. Атап айтқанда, 2022 жылы Қызылқоға ауданының Көздіғара ауылдық округіндегі «Сұлтан» шаруа қожалығында және Жангелдин ауылдық округіндегі «Тоқмырза» шаруа қожалығында екі ошақ тіркелсе, 2023 жылы Көздіғара ауылдық округінде бір ошақ анықталды. 2021, 2024 және 2025 жылдары қарасан ауруы тіркелген жоқ.

Індеттің уақыттық таралуын зерттеу барысында қарасан жағдайлары қаңтар, мамыр және қараша айларында тіркелгені анықталды. Барлық анықталған ошақтардың 33,3%-ы қараша айына сәйкес келді. Бұл көрсеткіш өңірде қарасанның күзгі кезеңде белсенділігінің арту мүмкіндігін көрсетеді және профилактикалық вакцинация мерзімдерін жоспарлау кезінде маусымдық ерекшеліктерді ескерудің маңыздылығын дәлелдейді.

Эпизоотиялық ошақтардың құрылымын талдау барысында әр ошақта орта есеппен бір жануардан зақымданғаны анықталды. Ошақтылық көрсеткішінің төмен болуы қарасанның жоғары контагиозды ауруларға жатпайтындығын және оның таралуында табиғи-ошақтық факторлардың маңызды рөл атқаратынын көрсетеді. Сонымен қатар аурудың қайталанып тіркелуі Қызылқоға ауданын қарасан бойынша тұрақты қауіп аймағы ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Зерттеу нәтижелері Атырау облысында қарасан індеті бойынша эпизоотиялық жағдайдың жалпы алғанда салыстырмалы түрде тұрақты екендігін көрсетті. Дегенмен Қызылқоға ауданында аурудың бірнеше рет тіркелуі бұл аумақта эпизоотологиялық мониторингті күшейту, профилактикалық вакцинацияны уақытылы жүргізу және жайылымдардың санитариялық жағдайын тұрақты бақылау қажеттігін көрсетеді. Алынған нәтижелер өңірде қарасанға қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жетілдіру, эпизоотиялық қауіп деңгейін бағалау және аурудың алдын алу стратегияларын әзірлеу кезінде пайдаланылуы мүмкін.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Автор өмірбаяндары

  • Мурзaбaев Кенжебек Есмагамбетович, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

    ветеринария ғылымдарының кандидаты

  • Даутбаева Элеонора Есентаевна, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

    Магистрант

  • Ильясова Зулейха Закуановна, Башкұрт мемлекеттік аграрлық университеті

    биология ғылымдарының кандидаты

  • Галиуллин Альберт Камилович, Қазан мемлекеттік аграрлық университеті

    ветеринария ғылымдарының докторы, профессор

  • Адилов Альжан Давлетович, Батыс Қазақстан ғылыми-зерттеу станциясы

    ветеринария ғылымдарының магистрі

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 225

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.