ТӨМЕН КӨМІРТЕКТІ ГЕОПОЛИМЕРЛІ БЕТОНДАРДЫ ӘЗІРЛЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ АЛҒЫШАРТТАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202620702Кілт сөздер:
тұтқыр материалдар, геополимер, күл-қож, шлак, экология, беріктік.Аңдатпа
Мақалада құрылыс индустриясында қолданылатын геополимерлі және клинкерсіз тұтқыр материалдардың қазіргі даму бағыттары қарастырылған. Негізгі назар металлургиялық және энергетикалық өндірістерден шығатын күл, қож, микрокремнезем және кальцинденген каолин сияқты техногендік шикізаттарды тиімді пайдалану мүмкіндіктеріне аударылған. Геополимер түзілуінің физика-химиялық ерекшеліктері, сілтілік активаторлардың құрамы мен модулінің әсері, сондай-ақ қатаю режимдерінің материалдың құрылымдық қалыптасуы мен механикалық қасиеттеріне ықпалы талданған. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, оңтайлы технологиялық параметрлерді таңдау арқылы жоғары беріктікке, су және аязға төзімділікке ие композиттер алуға болады. Сонымен қатар, экологиялық аспектілер, көмірқышқыл газының шығарылуын азайту және өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу мәселелері қарастырылған. Қазақстан аумағындағы күл-қож ресурстарының мол қоры бұл бағыттың ғылыми және өндірістік тұрғыдан перспективалы екенін дәлелдейді. Геополимерлі байланыстырғыштар дәстүрлі портландцементке экологиялық және энергия үнемдеуші балама ретінде маңызды орын алады және тұрақты құрылыс материалдарын дамытуға ықпал етеді.