ҚАДЫР МЫРЗА ӘЛИ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

Авторлар

  • Мутиев Зинулла Жаксылыкович М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті Автор https://orcid.org/0000-0003-4121-4171
  • Қуаныш Талап Таймасұлы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Автор https://orcid.org/0009-0007-3847-3750

DOI:

https://doi.org/10.62724/202420205

Кілт сөздер:

Ер-тоқым, шаңырақ, бесік, қыстау, құсбегі, домбыра, шежіре, мейман, арғымақ т.б.

Аңдатпа

Қадыр Мырза-Әли – қазақ поэзиясында ұлт рухын қалыптастыру жолында бойындағы қабілетін ұлт тынысымен үндестіре өмірінің ақырына дейін еңбек еткен жан. Қаламгердің қарымды қаламынан, парасатты ойынан туындаған әр туындысы ұлтымыздың таза бейнесі, болмысы, табиғаты, мәдени қалыптасуы. Еңбектеген бала, еңкейген қарияға дейінгі қазақ өмірінің тұрмыстық этикасы, мінез- құлқы, психологиялық дамуы. Қадыр поэзиясының тілі-халық тілі. Себебі, Қадыр Мырза Әли ұлт тарихын, мінез-құлқын, ойлы, айшықты сөздерімен нақты суреттейді. Осыдан-ақ Қадырдың ұлт үшін қызмет еткен абыз ақын екенін байқаймыз.. Ақын поэзиясының ұлттығы да осында. Балаларға арналған әр өлеңінен тағылымды жол көрсек, жырларынан көсемдік пен шешендік лебін аңғарамыз. Бұл ұлт қанының қасиетінен белгі береді. Қазақтың дархан даласы, бел-белесі, жота-қыры, тау-тасы, жайлау-қыстағы, жусан-жуасы, төрт түлігі, талбесігі, киіз үйі, домбыра-қобызы, саз аспаптары, бесқаруы, ойын-сауығы, жеті қазынасы, аламаны, көкпары, т.б. – тарих, ұлт құндылығы. Қазақ - осы құндылықтарымен қазақ. Ал, осы ұлт құндылықтары Қадыр поэзиясының көркемдік, тақырыптық шырайы десек, қателеспейміз. Ақын көркем поэзиясы арқылы ұлтына тағылым нәрін береді, сөз құнарын сіңіруге, ұлт құндылығына тұшынуға жол көрсетеді.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2024-06-28

Ұқсас мақалалар

71-80 тен 287

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.