ПАТША СКИФТЕРІ. ПАРАДАТА ӘУЛЕТІ. ПАРФИЯ ИМПЕРИЯСЫ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202620101Кілт сөздер:
Патша скифтері, Парадата әулеті, Парфия империясы, скифтердің қоныс аударуы, Қазақстан тарихы, Авеста, кейянидыАңдатпа
Бұл мақаланың мақсаты – отандық тарихтың аз зерттелген беттерін ғылыми қауымдастық пен кең жұртшылыққа таныстыру. Сонымен қатар, әртүрлі себептерге байланысты осы уақытқа дейін өзара байланыстырылмаған «даңқты Парадат әулетінің» тарихын қалпына келтіруге талпыныс жасап, оның қуатты Парфия империясына дейінгі жалғастығын зерделеу болып табылады. Бұл тарихты қайта құрастырудағы қиындықтар ежелгі грек саяхатшыларының, географтары мен тарихшыларының еңбектерінде, парфиялық аңыздарда, парсы баяндауларында сақталған мәліметтердің шашыраңқы әрі үзік-үзік күйде жетуімен байланысты. Кейінірек, әсіресе Сасанилер үстемдік еткен кезеңде, оған дейінгі парфиялық тарих билеуші топтардың мүддесіне сай қайта жазылып, жаңаша түсіндірілді. Мұндай бұрмалаулар еуроцентристік ілімдердің күшеюі мен үнді-ирандық тұжырымдамалардың үстемдігі дәуірінде де жалғасын тапты. Тарихи және логикалық бірлік әдісіне сүйене отырып, скифтердің солтүстік Каспий далаларынан Еділ мен Жайық өзендері аралығына, одан әрі Каспий мен Арал теңіздерінің арасындағы оңтүстік өңірлерге қоныс аудару жолдарын зерттеу нәтижесінде, бұл үдерістің жай ғана көшпелі тайпалардың көші емес екендігі анықталды. Парфиялық аңыздар мен мифтердің көмескі пердесінің ар жағынан кезінде «даңқты» аталған, екі мың жылдан астам уақытқа созылған Парадат әулетінің шынайы тарихы айқындала түседі. Осы тарихты қайта қалпына келтіру және оны мүмкіндігінше мифтік сипаттан арылту міндеті қазіргі Қазақстанның батыс өңірлерінде өрбіген, драмалық оқиғаларға толы, ғасырлар бойы жалғасқан әрі аз зерттелген тарихи беттерді ғылыми айналымға енгізуді талап етеді.