ОРАЛ ӨҢІРІНДЕГІ  №12 ЕҢБЕКПЕН ТҮЗЕТУ КОЛОНИЯСЫ

Авторлар

  • Байбулсинова Альфия Сабырғалиқызы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті Автор https://orcid.org/0000-0001-6098-7300
  • Жалекенова Гулбарам Тлеккабылқызы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті Автор https://orcid.org/0000-0001-6655-3458

DOI:

https://doi.org/10.62724/202420105

Кілт сөздер:

ГУЛАГ, Қуғын-сүргін саясаты, лагерлер, Батыс Қазақстан облысы, халық шаруашылығы.

Аңдатпа

Мақалада ХХ ғасырдың 30-50 жылдары Батыс Қазақстан облысындағы ГУЛАГ жүйесіне қатысты лагерлер, оның ішінде облыстық архив қорының құпия құжаттар бөлімінен табылған №12 жеке лагерлік пункт туралы құжаттарға талдау жасалған. Облыстағы Теректі ауданына қарасты Придорожный ауылында орналасқан №12 жеке лагерлік пункт пен оған қарасты құқықтық мекемелердің құрылуы мен қызметі алғаш рет зерттеліп, құпия архив құжаттары құпиясыздандырылған және тұңғыш рет ғылыми айналымға енгізіліп отыр. Мақалада лагердегі кеңес билігіне қарсылық танытқандарды жаппай түрмеге қамау саясаты және олардың еңбегін кеңестік халық шаруашылығының құрылыс алаңдарында тегін «құл еңбегі» ретінде пайдалану мақсаты шынайы тұрғыда баяндалған.

Ғылыми мақаланың мазмұны бойынша БҚО мемлекеттік архивінен табылған құжаттар лагерлердегі саяси тұтқындардың жағдайы КАРЛАГ жүйесі мен БҚО №12 лагер бөлімшесінің (ИТК №12) тұтқындарының мәселелерімен салыстырмалы анализ жасалуы өте маңызды болып саналады. БҚО мемлекеттік архивінен 1947-1952 жылдар аралығындағы Қазақ КСР Ішкі істер министрлігіне қарасты №12 лагер бөлімшесінің тоқсандық, жылдық есептері, шаруашылықтың қаржылық есептері, тұтқындардың жағдайлары, тізімі, басқа да статистикалық деректер табылып, ол өңірімізде жүргізілген саяси қуғын-сүргіннің қаншалықты ауқымды әрі жоспарлы жүргізілгенін жан-жақты зерттеуге, анықтауға мүмкіндік береді.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2024-06-28

Ұқсас мақалалар

21-30 тен 223

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.