БҰЗАУЛАРДЫҢ БРОНХОПНЕВМОНИЯСЫН ЕМДЕУДІҢ ӘРТҮРЛІ ӘДІСТЕРІНІҢ СЫНЫСТАМАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202620403Кілт сөздер:
мал шаруашылығы, ірі қара мал, бұзаулар, тыныс алу мүшелерінің аурулары, бұзаулардың бронхопневмониясыАңдатпа
Бұл жұмыс ірі қара мал төлдерінің бронхопневмониясын емдеу мәселесін зерттеуге және екі түрлі терапиялық тәсілдің емдік тиімділігін салыстыруға арналған. Респираторлық аурулардың кең таралуы мал шаруашылығы саласының экономикалық әл-ауқатына елеулі қауіп төндіріп, үлкен қаржылық шығындарға әкеледі. Зерттеудің мақсаты — аурудың салдарларын азайтуға және жануарлардың сауығу мерзімін қысқартуға ықпал ететін оңтайлы емдеу схемасын анықтау. Тәжірибелік мәліметтер 20–30 күндік абердин-ангус және герефорд тұқымды бұзаулар мысалында алынды. Дәрілік заттардың әртүрлі комбинацияларын қолдану кезіндегі негізгі клиникалық белгілер өзгерістерінің динамикасына талдау жасалды. «Марбофлоцин 10%» антибактериалды препаратының, «Флукса» қабынуға қарсы құралының және «Ветелакт» пробиотикалық өнімінің комбинациясы ең жоғары тиімділікті көрсетіп, ауру малдың сауығу процесін жеделдетуді және жалпы жағдайын жақсартуды қамтамасыз ететіні анықталды.