«БАЛДЫҢ БАЛҒЫНДЫҒЫ МЕН ТАБИҒИЛЫҒЫН ОРГАНОЛЕПТИКАЛЫҚ, ФИЗИКА-ХИМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ БОЙЫНША БАҒАЛАУ»
DOI:
https://doi.org/10.62724/202540405Кілт сөздер:
Бал, балғындық, табиғилық, органолептикалық көрсеткіштер, физика-химиялық қасиеттер, микробиологиялық көрсеткіштер, өнім сапасыАңдатпа
Мақалада Батыс Қазақстан облысының әртүрлі аудандарынан жиналған балдың сапасы мен қауіпсіздігін бағалау мақсатында жүргізілген кешенді зерттеу нәтижелері келтірілген.
Зерттеу органолептикалық, физика-химиялық және микробиологиялық талдау әдістерін қамтыды. Органолептикалық бағалау бойынша барлық үлгілер мөлдір немесе аздап бұлдыр консистенцияға, жағымды хош иіске және ботаникалық шығу тегіне сай дәмге ие болды, ашу немесе бөтен иіс белгілері байқалмады. Физика-химиялық талдау нәтижесінде диастаздық саны 9,4–15,0 Готе бірліктері аралығында, қышқылдығы 2,6–3,5 мл NaOH/100 г, ал ылғал мөлшері 17,6–18,5 % болды. Барлық көрсеткіштер ГОСТ 19792–2017 және ГОСТ 31774–2012 талаптарына сәйкес келеді. Микробиологиялық зерттеу нәтижелері бойынша ішек таяқшалары тобының бактериялары, ашытқылар, зеңдер және спора түзуші микроорганизмдер анықталған жоқ. Жалпы микробтық саны рұқсат етілген деңгейден аспады (<10² КОЕ/г). Алынған нәтижелер зерттелген балдың табиғилығын, жетілуін және микробиологиялық қауіпсіздігін дәлелдейді, сондай-ақ өңірдегі ара шаруашылығының қолайлы жағдайын көрсетеді.