«МУНИЕТ УЛ-ҒУЗАТ» ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШІНДЕГІ ӘСКЕРИ ЛЕКСИКАНЫ КОРПУСТЫҚ-ДИСКУРСТЫҚ ТАЛДАУ

Авторлар

  • Боранбаев Сандыбай Режепович М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті Автор https://orcid.org/0000-0002-5596-737X
  • Байменова Сауле Сулейменовна М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті Автор https://orcid.org/0009-0004-8429-8808
  • Сулейменова Злата Габдрашевна М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті Автор https://orcid.org/0009-0008-5262-0291

DOI:

https://doi.org/10.62724/202620202

Кілт сөздер:

Муниет ул-ғузат, мәмлүк-қыпшақ тілі, әскери лексика, корпус лингвистикасы, дискурс, когнитивтік талдау, тарихи мәтін.

Аңдатпа

Мақалада мәмлүк-қыпшақ дәуіріне тән «Муниет ул-ғузат» жазба ескерткішіндегі әскери лексиканы корпустық-дискурстық тұрғыдан зерттеу қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – ескерткіште сақталған әскери атаулар мен әрекет мәнді тілдік бірліктерді тарихи мәтіндік дерек ретінде сипаттап, оларды когнитивтік, семантикалық және дискурстық талдауға арналған моделін ұсыну.

Зерттеу барысында «Муниет ул-ғузат» мәтіні толық аяқталған электрондық корпус ретінде емес, корпусқа бейімдеуге болатын шағын арнайы тарихи мәтіндік дерек ретінде қарастырылады. Осыған байланысты мақалада лемма, сөзтұлға, контекст, коллокация және конкорданс сияқты корпус лингвистикасының негізгі элементтерін   жазба ескерткіш мәтінін талдауға қолданудың жолдары сипатталады. Әскери лексиканы алдын ала жүйелеу барысында «қару-жарақ», «ат және атты жауынгерлік қимыл», «әскери әрекет пен тактика», «жауынгер бейнесі», «тәртіп пен сақтық» сияқты когнитивтік өрістерді бөліп көрсетуге болатыны негізделеді.

Жұмыста тарихи-тілдік сипаттау, когнитивтік талдау, дискурстық талдау әдістері қолданылды. Мақалада ескерткіштің дискурстық табиғаты да арнайы қарастырылады. Мәтіндегі бұйрық мәнді құрылымдар, әрекетке бағытталған етістік формалары, жауынгерге нұсқау беру және сақтандыру сипатындағы сөйлемдер оның әскери-нұсқаулық, прагматикалық және нормативтік дискурсқа жататынын көрсетеді. Зерттеу нәтижесінде «Муниет ул-ғузат» жазба ескерткішін корпустық-дискурстық  бағыттар арқылы талдау тарихи әскери лексиканың құрылымын, қолданыс ортасын және мәдени-танымдық мазмұнын кешенді сипаттауға мүмкіндік беретіні айқындалады.

Мақала толық сандық корпус нәтижесін ұсынбайды; керісінше, мәтіні толық сақталмаған тарихи жазба ескерткішті лингвистикалық тұрғыдан жүйелі зерттеуге арналған модельді негіздейді.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Ұқсас мақалалар

21-30 тен 266

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.