ҚАЗЫҒҰРТ ӨҢІРІ ТОПОНИМДЕРІНДЕГІ ЭТНИКАЛЫҚ ДҮНИЕТАНЫМНЫҢ КӨРІНІСІ

Авторлар

  • Тасполатов Бақыт Тоқполатұлы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Автор https://orcid.org/0000-0002-6480-2155
  • Караева Балнұр Жанабайқызы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Автор https://orcid.org/0009-0009-3405-5345

DOI:

https://doi.org/10.62724/202620207

Кілт сөздер:

Қазығұрт, топонимия, этникалық дүниетаным, этнотопонимия, сакралды география, мифологиялық таным, киелі орындар, этномәдени жад,микротопонимия

Аңдатпа

Бұл зерттеу Қазығұрт өңірінің топонимдері арқылы этникалық дүниетанымды анықтауға бағытталған. Негізгі назар аймақтық топонимияда көрініс тапқан мифологиялық, этномәдени және сопылық элементтерге, сондай-ақ олардың ұжымдық мәдени жадты сақтаудағы рөліне аударылды. Зерттеу материалы Қазығұрт аумағындағы киелі нысандарға, зиярат жолдарына, бұлақтарға, үңгірлерге, ағаштарға және тасқа қатысты топонимдер мен микротопонимдерден тұрады. Зерттеу барысында этнолингвистикалық әдіс, семантикалық талдау, когнитивтік топонимика және сипаттамалық әдіс қолданылды. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындардан жазып алынған ауызша әңгімелер мен далалық бақылау материалдары кейбір жер атауларын түсіндіруде қосымша дереккөз ретінде пайдаланылды.

Зерттеу нәтижелері аймақтың топонимиялық кеңістігі тарихи кезеңдерде қалыптасқан бірнеше этномәдени қабаттарды сақтап қалғанын көрсетті. Кейбір атаулар көне мифологиялық түсініктермен байланысты болса, басқа топонимдер жергілікті діни дәстүрлермен, ғұрыптармен және су, тас, ағаш сияқты табиғи нысандарға қатысты сенімдермен сабақтасып жатыр. Топонимдердің бір бөлігі өңірде кейінгі кезеңдерде кең тараған исламдық-сопылық дәстүрлермен байланысты. Сонымен қатар, кейбір жер атауларының бастапқы мағынасы жас буынға толық түсінікті болмағанымен, олар жергілікті мәдени ортада және зиярат тәжірибесінде әлі де белсенді қолданылады.

Зерттеудің теориялық маңызы қазақ топонимиясын этнокогнитивтік және стратиграфиялық тұрғыдан қарастыруымен байланысты. Практикалық маңызы этнолингвистика, мәдениеттану, киелі география, аймақтық тарих салаларында, сондай-ақ қазақ халқының рухани мәдениеті мен этникалық дүниетанымын оқытуға арналған оқу материалдарын дайындауда қолданылу мүмкіндігімен анықталады.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 43

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.