ТІЛ ЖӘНЕ ГЕНДЕР: ҚАЗАҚ ӘЙЕЛ ПРОЗАСЫНЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ТАЛДАУЫ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202530207Кілт сөздер:
лингвистикалық талдау, дискурс, гендерлік қақтығыс, сөйлеу репрезентациясы, қазақст әйел прозасы, мәдени ерекшелігіАңдатпа
Мақалада Ү. Тәжікенованың қазақ әйел прозасындағы гендерлік қақтығысқа лингвистикалық талдау ұсынылған. Автор кейіпкерлердің жеке ұмтылыстары мен қоғамның әлеуметтік үміттері арасындағы қайшылықтарды жеткізетін тілдік құралдарға ерекше назар аударылады. Талдау үш деңгейде жүргізіледі: лексикалық, синтаксистік және дискурсивтік. Лексикалық деңгейде дәстүрлі отбасылық міндеттерді білдіретін терминдер мен өзін-өзі жүзеге асыру, шығармашылық тәуелсіздік және кәсіби дамуды көрсететін сөздердің қарама-қайшылығы айқындалады. Синтаксистік құрылымдар, күрделі сөйлемдер, инверсиялар мен қайталанулар мәтіннің эмоционалды бояуын күшейтіп, кейіпкерлердің психологиялық кернеуін көрсетеді. Дискурсивтік талдау гендерлік стереотиптердің диалогтар, ішкі монологтар және авторлық ремарка арқылы бекітілуі мен бұзылу механизмдерін ашады. Лексикалық, синтаксистік және дискурсивтік элементтер әлеуметтік және мәдени трансформацияларды көрсетіп, гендерлік қақтығысты көркемдік тұрғыдан көрсетуге мүмкіндік береді, кейіпкерлердің психологиялық күйі мен әлеуметтік жағдайын тереңірек түсінуге жол ашады. Бұл механизмдер кейіпкерлердің қоғам мен мәдени нормалармен күрделі өзара әрекеттесуін көрсетуге көмектеседі.