«МӘДЕНИ МҰРА» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЕСКЕРТКІШТЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ ЖӘНЕ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ШАРАЛАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202420102Кілт сөздер:
«Мәдени мұра» бағдарламасы, қорым, кесене, археологиялық зерттеуАңдатпа
Мақала Ақтөбе облысындағы республикалық маңызы бар ескерткіштердің зерттелуі және қалпына келтіру шараларына арналған. «Мәдени мұра» бағдарламасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі республикамыздың рухани мәдениет саласын дамытуда маңызды шара болғаны белгілі. Республика бойынша көптеген тарихи және мәдени ескерткіштер реставрацияланды, ұлттық ауыз әдебиеті мен салт – дәстүрлер мен әдет ғұрыптарының біртұтас жүйесі жасалып, археологиялық зерттеулер жүргізілді. Мақалада автор «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының мақсатын, міндетін, бағытын айқындай отырып кезеңдеріне назар аударады. Тақырыпты ашу барысында мәселе бойынша тарихи зерттеулерге шолу жасалған. Облыс бойынша республикалық маңызы бар ескерткіштердің қалыптасу тарихын қарастырады, тарихи–мәдени объектілерге бағдарлама аясында жүргізілген қайта жаңғырту жұмыстары талданады. Ескерткіштердің зерттелуі мен қалпына келтірілуі тарихи мәліметтер және аңыз деректер негізінде баяндалады. Ақтөбе облысының тарих, этнография және археология орталығының статистикалық есептері негізінде облыс бойынша жұмсалған қаржы көлеміне назар аударылып қорғау және сақтау шараларына арналған жұмыстар баяндалады. Сонымен бірге, статистикалық есеп мәліметі негізінде Ақтөбе өлкедегі мәдени мұра бағдарламасы бойынша қорғауға алынған жергілікті ескерткіштердің саны берілген.