ЖАЙЫЛЫМДЫҚ ЖӘНЕ БОРДАҚЫЛАУ ЖАҒДАЙЛАРЫНДА ЖЫЛҚЫ ГАСТРОФИЛЛЕЗІНІҢ АНТГЕЛЬМИНТТІК ДЕВАСТАЦИЯСЫНАН КЕЙІНГІ ОҢАЛТУ ТЕРАПИЯСЫ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202540406Кілт сөздер:
жылқы, гастрофиллез, антгельминттік девастация, оңалту терапиясы, жайылым, бордақылау.Аңдатпа
Зерттеу жұмысы жылқылардың гастрофиллезбен зақымдану ерекшеліктерін, сондай-ақ антгельминттік препарат қолданғаннан кейінгі қалпына келтіру шараларының тиімділігін бағалауға бағытталғаны келтірілген. Гастрофиллез — Gasterophilus тұқымдасына жататын шыбындардың дернәсілдері арқылы таралатын паразитарлық ауру, ол асқазан мен ішек шырышты қабаттарын зақымдап, ас қорыту процестерін бұзып, жалпы өнімділіктің төмендеуіне және иммундық көрсеткіштердің әлсіреуіне әкеледі. Ғылыми зерттеу барысында жылқылар жайылымдық және бордақылау жағдайында бақылаудан өткізілді, гастрофиллез анықталған кезде кешенді қалпына келтіру терапиясы жүргізілді. Қолданылған шараларға диеталық түзету, витаминдік және минералдық препараттар, сондай-ақ метаболизмді қалпына келтіретін арнайы терапия енгізілді. Ғылыми зерттеу жұмысының нәтижесінде метаболизм көрсеткіштері, гематологиялық және иммунобиохимиялық параметрлерде айқын оң динамика байқалды. Бұл деректер жылқыларды паразитарлық аурудан кейін тиімді қалпына келтіру әдістерін ғылыми тұрғыдан негіздеуге және практикалық қолдануға мүмкіндік береді, сонымен қатар мал шаруашылығындағы өнімділікті арттыруға ықпал етеді.