ҚОҒАМДЫҚ САЯСИ ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ ТАРИХИ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАЛЫПТАСУЫ

Авторлар

  • Нуржанова Айнагуль Канаткалиевна М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті Автор https://orcid.org/0009-0000-9818-516X
  • Серикова Лаззат Сериковна М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті Автор https://orcid.org/0000-0002-3957-7531

DOI:

https://doi.org/10.62724/202430108

Кілт сөздер:

Мемлекет, Конституция, партия, Парламент, Үкіметі, сот жүйесі, заң шығару процесі, идеология.

Аңдатпа

Мақалада қоғам өмірін реттейтін заңдар мен нормаларды қалыптастыру және дамыту процесі туралы сөз қозғалады. Бұл процесс адамзат тарихында демократияның алуан түрлі формалары (өкілдік, тікелей, көппартиялық), республикалық басқару нысаны, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының конституциялық кепілдіктері, тәуелсіз соттар, еркін және ашық сайлау сияқты орын алады және әртүрлі билік институттарын, қоғамды басқару тетіктерін, адам және азамат құқықтарын қалыптастырумен байланысты. Қоғамдық-саяси институттарға мемлекет, заң шығарушы, атқарушы және сот билігі, саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар және азаматтардың қоғам алдындағы құқықтары мен міндеттері жүйесі сияқты элементтер кіреді. Қоғамдық-саяси институттардың тарихи құқықтық қалыптасуы қоғамдық-саяси жүйенің эволюциясын және құқықтық мемлекеттің қалыптасуын көрсетеді. Бұл қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайындағы, мәдениеті мен құндылықтарындағы өзгерістермен, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтары үшін күреспен байланысты мәселелер қарастырылады. Қоғамдық-саяси институттардың тарихи құқықтық қалыптасу процесі қоғам мен демократияны дамытудың маңызды элементі болып табылады, өйткені ол құқықтық мемлекетті нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға ықпал етеді және қоғамдағы тұрақтылық пен әділеттілікті қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, қоғамдық-саяси институттардың қалыптасу процесі аяқталмағанын және жаңа жағдайлар мен уақыттың қиындықтарына бейімделген өзгерістер мен реформалар бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқанын атап өткен жөн.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2024-09-30

Ұқсас мақалалар

31-40 тен 50

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.