ЖЕРГІЛІКТІ ШИКІЗАТТАРДЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, КЕУЕКТІ КЕРАМИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ АЛУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ

Авторлар

  • Камар Муратовна Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті Автор https://orcid.org/0000-0001-7633-4064
  • Бексұлтан Лепесұлы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Автор https://orcid.org/0000-0002-3586-7128
  • Элдар Алибиевич Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Автор https://orcid.org/0009-0002-9169-7079

DOI:

https://doi.org/10.62724/202530701

Кілт сөздер:

Кеуекті керамикалық материалдар, химиялық - минералогиялық құрам, керамикалық бұйымдарды алу әдістері, рентгенограмма, рентгенофазалық талдау, бентонитті саз.

Аңдатпа

Бұл мақалада жергілікті шикізаттарды пайдалана отырып, кеуекті керамикалық материалдар алудың ғылыми негіздері қарастырылады. Зерттеу барысында Батыс Қазақстан облысындағы Тасқала кен орнының кремнийлі жынысы – опоканың минералогиялық және химиялық құрамы талданып, оның құрылыс материалдарын өндіру үшін жарамдылығы дәлелденді. Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысындағы Погодаев кен орнының бентонитті сазының физикалық-химиялық қасиеттері мен иілімділік сипаттамалары зерттелді. Қарағанды облысы Шұбаркөл көмір кен орнының сапалық көрсеткіштері де қарастырылып, энергия үнемдейтін материалдар алу мүмкіндігі көрсетілді. Әдеби шолу барысында кеуекті керамикалық бұйымдарды өндірудің күйіп кететін қоспалар әдісі, көбіктендіру әдісі, газ шығару әдісі және кеуекті толтырғыштарды енгізу әдісі кең таралғаны анықталды. Нәтижелерге сүйене отырып, опока мен бентонит негізіндегі керамика жоғары беріктігімен, төмен жылу өткізгіштігімен және экологиялық тиімділігімен ерекшеленетіні дәлелденді. Бұл зерттеу «Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасына сәйкес келеді.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Автор өмірбаяндары

  • Камар Муратовна, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

    PhD докторанты

  • Бексұлтан Лепесұлы, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

    техника ғылымдарының магистрі

  • Элдар Алибиевич, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

    құрылыс мамандығының 3 курс студенті

Жүктеулер

Жарияланды

2025-10-15

Ұқсас мақалалар

21-30 тен 106

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.