ДИАТОМИТ НЕГІЗІНДЕГІ БЕТОН БҰЙЫМДАРЫН АЛУ МҮМКІНДІГІН ЗЕРТТЕУ

Авторлар

  • Нариков Қанат Амангелдыұлы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Автор https://orcid.org/0000-0001-6459-140X
  • Шәкешев Бекболат Темержанұлы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Автор https://orcid.org/0000-0001-7470-9221
  • Азамат Тюлепқалиұлы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Автор https://orcid.org/0009-0008-1715-9102
  • Ідірісов Бексұлтан Лепесұлы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Автор https://orcid.org/0000-0002-3586-7128
  • Жұмабаева Қамар Мұратқызы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті Автор https://orcid.org/0000-0001-7633-4064

DOI:

https://doi.org/10.62724/202530705

Кілт сөздер:

Диатомит, термолит, жеңіл бетон, технология, термиз, термолитобетон, жоғары температуралық күйдіру, физика-механикалық қасиеттер.

Аңдатпа

Мақалада кремнийлі жыныстарға жататын табиғи пайдалы қазба - диатомитті зерттеу, зерделеу және өнеркәсіпте қолданудың негізгі әдістері мен тәсілдері қарастырылған. Батыс Қазақстан өңірінің диатомитін ғылыми тұрғыда зерттеудің мақсаты — диатомитті құрылыс материалдарын, атап айтқанда, жақсы жылу өткізгіштік қасиеттеріне, аз меншікті салмағына және жеткілікті беріктік көрсеткіштеріне ие жеңіл бетон бұйымдары мен құрылымдарын өндіруде қолдану мүмкіндігін талдау болып табылады. Ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты - Қазақстан Республикасында заманауи азаматтық және өнеркәсіптік құрылыс үшін диатомит негізінде жеңіл бетон бұйымдары мен құрылымдарын өндіру технологиясын әзірлеу.

Диатомит жеке материал ретінде де, құрылыс материалдарын (жеңіл бетондары) өндіруге арналған толтырғыш ретінде пайдаланылатын термолитті алу үшін шикізат ретінде де зерттелді. Бұл материалдар – термиз және термолитбетон болып табылады. Терми́з бен термолитбетонның зертханалық бетон үлгілерінің физика-механикалық қасиеттері университеттің құрылыс материалдары зертханасындағы аспаптар мен жабдықтарды пайдалану арқылы зертханалық зерттеулер арқылы анықталды. Термолит зертханалық жағдайда, опоканы 1150°С температурада жоғары температуралық күйдіру арқылы алынды. Жүргізілген ғылыми зерттеулер нәтижесінде термиз бен термолитбетонның негізгі физика-механикалық қасиеттері анықталды.

 

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Автор өмірбаяндары

  • Нариков Қанат Амангелдыұлы, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

    техника ғылымдарының кандидаты

  • Шәкешев Бекболат Темержанұлы, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

    техника ғылымдарының кандидаты

  • Азамат Тюлепқалиұлы, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

    техника ғылымдарының магистрі

  • Ідірісов Бексұлтан Лепесұлы, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

    техника ғылымдарының магистрі

  • Жұмабаева Қамар Мұратқызы, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

    PhD докторанты

Жүктеулер

Жарияланды

2025-10-15

Ұқсас мақалалар

11-20 тен 59

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.