ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУЫНА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕГІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ӘСЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202530302Кілт сөздер:
өзін-өзі бағалау, адекватты өзін-өзі бағалауы, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер, әлеуметтік желілердегі қарым-қатынас, әлеуметтік желілерге тәуелділік, әлеуметтік желілердегі қарым-қатынас кикілжіңдері, кибербуллинг, жасөспірімдердің рефлексиялық әрекеті.Аңдатпа
Мақалада әлеуметтік желілердегі қарым-қатынастың жасөспірімдердің өзін-өзі бағалауына әсері мәселесі қарастырылған. Қашықтықтан оқыту кезінде телефон мен компьютерге үнемі тәуелділік денсаулыққа да, түсінікке де зияны бар екенін көрсетті. Жастардың қоғамнан оқшаулануы, яғни туыстарымен қарым-қатынасын үзу, сенімсіздік, уақытты жоғалту және сколиоз, арқа және жүйке жүйесі сияқты ауруларға бейімділігі жоғары болды. Сонымен қатар, әлеуметтік желілердегі қарым-қатынас мәдениетінде жаргон, сленг сөздердің тілімізге енуі тіл тазалығын бұзып, шұбарлауда.
Әрине, интернеттің көптеген артықшылықтары бар екендігі белгілі. Осыған байланысты мақалада біз жүргізген талдау негізінде интернеттің әлеуметтік желілері адамдардың, атап айтқанда, жасөспірімдердің санасы мен өміріне үлкен өзгерістер енгізгендігі туралы қарастырылған. Интернет ортасы мынадай ерекшеліктерімен сипатталатын бірегей әлеуметтік-педагогикалық әлеуетке ие: қолжетімділік, ұтқырлық және тиімділік, салыстырмалы қауіпсіздік және анонимдік, сөз бостандығы, тұрақты байланыс құралы, аудио және бейненің қолжетімділігі, ақпаратты іздеу және алмасу мүмкіндігі және т.б.
Сондай-ақ, мақалада интернеттегі жасөспірімдердің әлеуметтену процесінде оң және теріс потенциалдарға белсенді түрде әсер ету жолдары қарастырылып, «Жасөспірімдердің адекватты өзін-өзі бағалауы мен әлеуметтік желілердегі сауатты қарым-қатынас» таңдау курсының бағдарламасы ұсынылады.